М.Қозыбаев атындағы СҚУ-де халықаралық семинар өтті. Оған өңірдегі мектеп мұғалімдері мен ресейлік жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.


Кездесу барысында жиналғандарға географиялық зерттеулер, экология және білім саласындағы теориялық зерттеулер ұсынылды. Іс-шараны жоғары оқу орнының «География және экология» кафедрасының студенттері ұйымдастырған. Жиын барысында кафедраның аға оқытушысы Галина Гордиянова «Білім алушылардың сауаттылығын дамыту» тақырыбында ғылыми жобасын таныстырды.


ГАЛИНА ГОРДИЯНОВА, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ «ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:

- «Менің баяндамам – гидрологиялық білім жүйесіндегі функционалдық сауаттылықты дамыту деп аталады. Ол соңғы онжылдықтағы өзекті мәселелердің бірі - оқушының мектепте алатын дағдылары мен білімі туралы. Бұл баяндамада біз магистранттармен алты ай бойы жүргізген зерттеулеріміздің нәтижелерін ұсынамыз. Онда қазіргі мектеп түлектерінің шеберлігі қаншалықты қалыптасқанын байқауға болады.»