Облыстық Аналар кеңесі өткен жылғы жұмыстарын қорытындылады. Өзіндік ұстанымы бар әйелдер отбасы институтының нығаюына, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне белсенді түрде үлес қосып келеді. Енді міне, кеңес жанынан «Бақытты ана» клубы да ашылды.


Отбасы құндылықтарын сақтау, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу және басқа да өмірлік құндылықтарды дәріптеу. Облыстық аналар кеңесінің басты мақсаты да осы. Енді, жаңадан ашылған «Бақытты ана» клубына қатысуға қазірдің өзінде 80 адам ниет білдірген. Әр аптаның жұма күні клубта түрлі тренингтер өткізіледі деп жоспарланған.


РЕЗЕДА БАЙМҰХАМЕТОВА, КЛИНИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

- Біз бұл клуб арқылы психологиялық көмекке мұқтаж әйелдерге қолдау көрсеткіміз келеді. Оларға түрлі мотивация беріп, білімін арттырсақ деген ниетіміз бар.Әрбір әйел өз отбасындағы мәселелермен шектеліп қана қалмай, өзін тұлға ретінде дамытуы қажет.


 «Бақытты ана» клубының қатысушыларына кәсіби психологтар мен заңгерлер көмек көрсетеді. Ал оған кез-келген шаһар тұрғыны мүше бола алады.


ҚЫМБАТ ИСМАНОВА, «ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ» КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Бүгін жақсы іс-шара өтейін деп жатыр.Аналар тақырыбында. Әрине, ана орны бөлек. Халқымыз айтады ғой, бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Ол теориялық тұрғыда. Іс жағына келсек,әйел отбасының кілті. Отбасының ынтымақ, берекесі.


«Бақытты ана» клубы ұйымдастырушыларының болашаққа жоспары да ауқымды. Алдағы уақытта облыстың әр ауданында ашсақ деген ниеттері де бар.