Облыстық Н. Погодин атындағы орыс драма театрында «Март и слива» атты заманауи спектаклдің тұсауы кесілді. Оны көпшілік назарына құрамына оқушылар мен студенттер кірген «Тишина закулисья» атты жастар студиясы ұсынды. Тілшіміз дайындаған материалға назар аударайық.


Театр - өмір айнасы. Онда қазіргі қоғамның бар мәселесі суреттеледі. «Март и слива» спектаклі де осындай өзекті проблемаларды тағы бір мәрте көтереді. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара түсіністік пен қарым-қатынас.


 РИАНА ИСМАИЛОВА, РЕЖИССЕР:

- «Бұл идеяны студия актері Илья Бепосместных ұсынған болатын. Қойылымның мәтінімен танысып, жарты жыл әзірлендік. Мен дайындық барысында сценарийге көптеген өзгерістер енгіздім. Содан кейін әріптестеріінм мен бұл қойылымның режиссері етіп тағайындады.


 Илья Беспоместных – шаһардағы өнер колледжінің 2 курс студенті. Жас актер қойылымда басты рөлдердің бірін сомдайды.


 ИЛЬЯ БЕСПОМЕСТНЫХ, “ТИШИНА ЗАКУЛИСЬЯ” ЖАСТАР СТУДИЯСЫНЫҢ АКТЕРІ:

- «Мен сомдаған кейіпкердің есімі – Слава. Бірақ оны жақындары «Слива» деп атайды. Ол қарапайым өмірде кездесетін қиындықтарға тап болады. Кейіпкер басында балалықпен барлығын қалжыңға айналдырып мәселеге атүсті қарайды, кейін қателігін түсініп өзін өзгерткісі келеді.»


Жас актерлер ерекше қойылымдарымен көрермендерге таңдау жасаудың қаншалықты маңызды екендігін, оның тек шешім қабылдаған жанға ғана емес жақындарына да тікелей әсер ететіндігін ұғындырды.