Қаңтардың 23-нен бастап Қазақстанда 2022-ші жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік автомобильдерді заңдастыру басталды. Петропавл мамандандырылған ХҚКО-да тұрғындар көліктерін тіркеуден өткізіп жатыр. Мамандардың сөзінше құжаттарды рәсімдеу 20 минуттан аспайды.


СҚО- да шетелдік тіркеуде барлығы 7 мыңнан астам автомобиль бар, оның 90% - ы ресейлік есепте. Ал бір реттік заңдастыру осы жылдың 1 шілдесіне дейін ғана жүзеге асады.


КЕНЖЕКЕЙ СҮЛЕЙМЕНОВА, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МК» КЕАҚ СҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Қазіргі кезде 5 шетелдік автокөлік иесіне Қазақстанның нөмірді табыс еттік. Халыққа қызмет көрсету 5 бөлімде бар. Сол бөлімге барып, өз өзіне қызмет көрсету аймағынан өтуге болады. Басқа бөлімдерден біз екі адамнан алдық. Сегіз адамдай бар.


 Заңдастыруға өтінім беру үшін арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ, кез келген ХҚКО-да немесе e-gov арқылы өтінім беру жеткілікті, және «электрондық үкіметтің» сайтында бокста тексеру кезегін бірден брондауға болады.


ҚАЛКЕН ШӘМШИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

 -  Мен көлігімді Ресейде сатып алдым. Заңдастыру туралы естіп, мамандандырылған ХҚКО-на келдім. Құжаттарды тез рәсімдеп берді. Бар болғаны жеке куәлік, техпаспорт қажет екен.


 Мамандандырылған ХҚКО-ның аумағында сонымен қатар агрегаттарды салыстыру жүзеге асырылады. Егер көлік талаптарға сай болса, онда жүргізуші Қазақстанда тіркелген автокөліктің заңды иесі болады.