Швецияның Эстурсенд қаласында паращанғы және парабиатлоннан әлем чемионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекенің алғашқы күнінде жерлесіміз Ербол Хамитов парабиатлоннан 7,5 км қашықтықта сынға түсіп,қола жүлдеге ие болды.


 Жарыста канадалық спортшы Кэмерон Колин бірінші орынды иеленсе,екінші орынды АҚШ спортшысы Аарон Пике місе тұтты. Қазақстан құрамасында Ербол Хамитовтан бөлек, Александр Герлиц,Денис Петренко,Сергей Усольцев,Юрий Березин,Денис Зинов және Нұрлан Әлімов өнер көрсетуде.Паращаңғы жарысы мен парабиатлоннан әлем чемпионаты 29 қаңтарға дейін жалғасады.