Петропавлда шоқыну мейрамына орай Есіл өзенінде суға шомылуға және су алуға арналған екі орын әзірленді. Оның бірі қалалық жағажайда, екіншісі өзен порты аумағында орналасқан. Тұрғындар таң атқаннан мұз ойығына барып, осы күні қасиетті деп саналатын суға шомылса, енді бірі ыдыстарға су құйып алу үшін арнайы келген екен.


Биыл өңір бойынша суға түсуге және қасиетті деп саналатын суды құйып алуға арнайы 27 орын жабдықталған. Соның екеуі Петропавлда. Бұл жерде де қауіпсіздік шаралары қатаң сақталған. Арнайы жарақтандырылған орын басында құтқарушылар, полицейлер және медицина қызметкерлері кезекшілік атқарып жатыр. Бұл жерге бүгін кешкі сағат 21.00-ге дейін келіп суға шомылуға және су алыға болады.


ВИКТОР ДЕРЖАНСКИЙ, СҚО ТЖД СУДА ҚҰТҚАРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Биылғы крещение мейрамы жылдағыдай өтіп жатыр.Бірақ, келушілер саны тым көп емес.Әзірге ешқандай оқыс оқиға тіркелген жоқ. Шомылуға келген адамның денсаулығында ешқандай кінәрат болмауы керек. Суға түскеннен кейін бірден сүртініп, жылы, құрғақ киім киген жөн.. Және біз арнайы дайындаған орындарда ғана шомылу қажеттігін еске саламыз.


Православ дініндегілерде бұл күні кез-келген су қасиетті болады және ол адамның күнәләрін жуады деген сенім бар. Алайда бұл күні мұзды суға шомылған басқа ұлт өкілдерін де көруге болады. Олардың пікірінше, аязды күні суға шомылу адам организміне пайдалы. Бірақ суға түспес бұрын денені дайындап, шынықтырған дұрыс.


- Қыс мезгілінде алғаш рет суға түсейін деп жатырмын. Өте суық, бірақ ұнап жатыр.

- Православ дініндегілердің барлығын бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Жыл сайын шомыламын.Өзіме ұнайды.

- Дәстүрлі түрде бұл күні қалалық жағажайға келемін.Өте керемет. Суға шомылғаннан кейін 1 жыл көлемігнде ауырмаймын.


 Бұл күні православтықтар тек мұзды суға шомылып қана қоймай, шіркеуге барып, сыйынады.