Өңірде ат спорты дамып келеді. «Құлагер» ипподромында кез-келген тұрғынның спорттың бұл түрімен танысуна мүмкіндік бар. Кәсіби жаттықтырушылар ат үстінде дұрыс отыруды үйретеді, сондай-ақ жылқымен серуендеуге мүмкіндік жасалған. Тілші толықтырсын.


 Әлия Асқарованың ат спортымен айналысып жүргеніне 5 жыл . 15 жастағы жасөспірім облыс деңгейінде өткен қысқа қашықтықтағы бірқатар бәйгелелерідің жүлдегері. Қазіргі уақытта Бескөл ауылында балаларды жаттықтырып, ат спортын дамытуда. Жалпы ипподормға келушілердің қарасы қалың, олардың арасында түрлі жастағы адамдар бар.


ӘЛИЯ АСҚАРОВА , СПОРТШЫ:

-  «Бүгінде ат спортымен айналысатындар өте аз. Бұл спорт түрі адамға ерекше эмоция сыйлайды. Өзім бұл спортқа хобби ретінде қараймын. Менің ойымша атқа міну әр қазақтың қанында бар. Тек соны дамыту қажет деп ойлаймын.»


Қазіргі уақытта имподромда 9 жылқы бар. Олардың әрқайсының өз мінезі бар, тек бабын табу қажет. Хан атты мына жылқыны инструктор серуенге дайындап жатыр. Далаға шығармас бұрын міндетті түрде үстін тазалайды.


ӘЛИЯ АСҚАРОВА , СПОРТШЫ:

- «Ең алдымен жылқы өзін жайлы сезінуі үшін аттың арқасын тазалаймыз. Содан кейін ғана ер-тоқымды кигіземіз. Кейін жылқығы да өзімізге де ыңғайлы етіп қатайтамыз. Бұл нық отыру үшін керек. Кейін ауыздық салынады. Егер оған немқұрайлы қарасаң, биік белестерді бағындыра алмайсың. Осыған аса мән беру қажет.»


Атқа отыру, мамандардың айтуынша, денсаулыққа пайдалы. Ат үстінде өскен қазақ баласы бұл жерде жылқымен серуендеп, бос уақытын пайдалы әрі қызықты өткізе алады.