Мереке күндері облыс тұрғындарының саны 16 адамға көбейді. Дүниеге келген сәбилердің басым көпшілігі – ұл. Жаңа жылда көптен күткен сәбилерiн бауырына басқан жас аналар жайлы келесі сюжетте.


2023-ші қоян жылын кейбір келіншектер дастархан басында отбасымен қарсы алса, енді бірi перинаталдық орталықта қарсы алды. Облыс бойынша 31-ші желтоқсаннан 1-ші қаңтарға қараған түні 2 бала дүниеге келді. Алғашқы болып дүние есігін ұл бала ашқан. Жалпы жаңа жыл түнінде перинаталдық орталықта 15-ке жуық білікті маман кезекшілік еткен.


МЕРУЕРТ ДҮЙСЕМБАЕВА, АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ:

-  Бірінші қаңтар күні 6 бала дүниеге келді. 3-і ұл бала, 3-і қыз. Қалған үш күндері 16 бала кедді. Демалыс күндері туған балақайлар мен аналардлың жағдай жақсы, олар үйлеріне шығарылды.


 Анастасия Веретёхина жолдасымен 7 жастағы ұлы Глебті тәрбиелеуде. Қаңтардың бірі отбасылары тағы бір жанмен толығып, дүние есігін көптен күткен Ксюша есімді қыз ашты. Сәбидің салмағы 3 килограмм 800 грамм, денсаулығы жақсы.


АНАСТАСИЯ ВЕРЕТЁХИНА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Толғағым қысып жатқанда медициналық қызметкерлер қасымда болып, менің және сәбиімнің жағдайын бақылады. Бұл жандарға көп рахмет. Босанып жатқанымда отшашуды естіп, жаңа жылдың келгенін білдім. Қуанышымда шек жоқ.


Жаңа жылдық түнде перинаталдық орталық мамандарының жұмысы жедел жәрдем, полиция мен өрт сөндірушілерден гөрі әлдеқайда тыныш өткенін атап өткен жөн.



Майгүл Сейілбек