Биыл еліміздегі ең төменгі еңбекақы мөлшері 70000 теңге болады. Осыған орай, бірқатар сала қызметкерлерінің де еңбекақысы өспек. Балабақша тәрбиешілерінің, мектептер мен колледж педагогтерінің және қосымша білім беру жүйесі мамандарының еңбек ақысы 25 % көбейеді.


Бұл өзгеріс денсаулық сақтау қызметкерлері мен өртсөндірушілер, полиция және әскери қызметкерлерге де қатысты. 1 қаңтардан бастап дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға, медбикелердікі 20 пайызға артады.Ал тілсіз жаумен күресіп жүрген өртсөндірушелердің лауазым санатына байланысты 10 -70 пайызға дейін артық алатын болады. Сонымен қатар, қарулы күштер әскери қызметшілерінің де еңбекақыларын орта есеппен 60 пайызға арттыру жоспарланып отыр. Және 1 қыркүйектен бастап университет студенттерінің шәкіртақысы 20 пайызға, ал магистранттар мен доктарантурада білім алушыларына арналған шәкіртақы 15 пайызға өспек.