Облыстық прокуратурада Кеңес Одағының батыры Садық Әбдіжаббаровтың құрметіне Мемориалдық тақта салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағамбетов және батырдың жақындары, сондай ақ сот, құқық қорғау және арнайы органдар басшылары қатысты.


 Соғыс жылдары Садық Әбдіжаббаров 90-шы гвардиялық атқыштар дивизиясында әскери қызметін өтеді. Кеңес әскері батысқа қарай алға жылжып, Беларусь аумағындағы Батыс Двина өзенін кесіп өтуі керек болды. Бұл оңай міндет емес еді. Себебі өзен маңын жау әскері торуылдаған. Дегенмен 1944 жылдың маусымында басталған майданда пулеметші Садық Әбдіжаббаров 30-ға жуық жаудың көзің жойып, Кеңес әскерлерінің өзен арқылы өтуін қамтамасыз етті. Осы ерлігі үшін Садық Әбдіжаббаров Кеңес Одағының батыры атанды.


 БАҒБАН ТАЙЫМБЕТОВ , СҚО ПРОКУРОРЫ:


МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ , СҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Садық Абдужаббаров соғыстан кейін сотта, прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік органдарында ұзақ жылдар қызмет етті. Ер есімі ел есінде. Тақтаны салтанатты ашу рәсіміне батырдың жақындары, сондай ақ сот, құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары қатысты.


 ТИМУР ӘБДІЖАББАРОВ , САДЫҚ ӘБДІЖАББАРОВТЫҢ НЕМЕРЕСІ:

- «Бірінші кезекте бүгінгі прокуратура күнімен құттықтағым келеді. Бұл мен үшін ерекше күн. Атам Садық Абдужаббаровты ұлықтау үшін жиналған барша қауымға шын жүрегімнен алғысымды білдіремін.»


 Батырлардың ерлігін ұлықтау жас ұрпаққа міндет. Іс-шараға қатысушылар батырды бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойды.



Әміре Ақбатай