Петропавл қаласында «АДАЛ ҰРПАҚ» ерікті мектеп ұйымдары арасында «Әділ, адал ұрпақ – балалар жылында!» қалалық слеті өтті. Ондағы мақсат: жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.


 Бүгінде қаладағы барлық мектептерде «АДАЛ ҰРПАҚ» еріктілер ұйымы жұмыс істейді. Оған 760 қа жуық оқушы мүше. «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай ұйымдастырылған шарада, еріктілер клубының жаңа мүшелері арасында ант беру рәсімі өтті. Форумға қатысушылардың айтуынша ұлы ұлт даму үшін ұлағатты ұрпақты бүгіннен тәрбиелеу керек.


АЙДОС ЖҮНІСОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Бала деген ол біздің болашағымыз. Сіздер оқушылар өскелең ұрпақсыздар. Біз бүгінгі таңда мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда, сыбайлас жемқорлықта қарсы күресуде өз қызметімізді атқарып жатырмыз. Бірақ ең басты нәрсе ол сіздердің – тәрбиелеріңіз. 


ӘСЕМ МАҒЗҰМОВА, ПЕТРОПАВЛ Қ. БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ:

-  Міне бүгін біз «АДАЛ ҰРПАҚ» еріктілер ұйымына қосылам деушілер арасында ант қабылдау рәсімін өткізудеміз. Олардың саны – 12 ге жуық. Жалпы клубтағылар қатарына 6 сыныптан бастап қабылданады. Сондай-ақ жиынға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары мен басқа да мемлекеттік орган өкілдері қатысуда.


 Асанәлі Жанатұлы - Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы. Ол «АДАЛ ҰРПАҚ» еріктілер ұйымына үш жылға жуық мүше. Бүгінде осы бағытта жетекші жеткіншектердің бірі.


 АСАНӘЛІ ЖАНАТҰЛЫ, «АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ:

-  Осындай шаралар мекетп оқушыларына өте жоғары маңызы бар. Себебі мектеп ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тудыру, біздің мемлекетіміз бойынша да облысымыз бойынша да, қала бойынша да үлкен мәселе. Ол мәселені жою үшін, оқушыларды кіші кезінен жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуді адал ұрпақ ұйымы қолданып отыр. Болатын. 


 Бұдан бөлек оқушылар арасында сыбайлас жемқорлықпен күресте түрлі байқаулар, пікірсайыс ойындары жиі өтеді. Атқарылып жатқан шаралар - болашақта адал ұрпақ тәрбиелеуде септігі тиері сөзсіз.



АЙНҰР ДОСАН