Петропавлдағы 9 қабатты үйлердің бірінің тұрғындары жоғарыға жаяу көтерілуге мәжбүр. Бұл баспанадағы лифттер 21 қарашадан бастап жұмысын тоқтатқан. Келеңсіз жағдай неліктен пайда болды,оны қалай шешуге болады? келесі сюжетке назар аударайық.


Петропавлдағы Алматы13, мекен-жайындағы көп қабатты тұрғын үйдегі лифттер 10 күннен бері жұмыс істемей тұр. Қазір бұл үйдің тұрғындарына , әсіресе зейнеткерлер мен балаларға жоғарыға мініп-түсу қиындық тудыруда. Лифттердің жұмыс істеу мерзімі 25 жыл, ал бұл лифттің мерзімі асып кеткен. Тұрғындардың айтуынша, олардың сөндірілетіні жайында ешкім ескертпеген.


ВАЛЕНТИНА ЗАНКИНА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

 - Біздің үйде лифттерді ауыстыру қажеттілігі туындады.Лифт қаншалықты жарамсыз болса да, оны жөнге келтіруге болады.Шынында да, оларды толық ауыстыру қажет.Бірақ лфитің бағасы қазірдің өзінде шарықтап тұр,Бізге 1 лифтІ ауыстыру 21 миллион ТЕҢГЕГЕ ШЫҒАТЫНЫН айтты. Бұл пайызсыз несиеге берілсе де өте қымбатқа түспек. .


Лифт жұмысын тоқтату себебін "СҚО ЛИФТ СЕРВИС" сервистік компаниясының директоры түсіндірді. Оның айтуынша, тұрғындарды ескерту үшін жазда хабарландырулар кіреберістерге ілінген. Бірақ ешкім мән бермеген.


 АНДРЕЙ ФЕДОНЮК, "СҚО ЛИФТ СЕРВИС" ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

 – Лифттердің 8 қарашада тоқтатылатыны туралы хабарландырулар арқылы ескерттік, өйткені олардың қызмет ету мерзімі аяқталған еді. Бақылаушылардың нөмірі көрсетілді. 2021 жылы шыққан заң бойынша лифттерді толық тексеру жүйесі енгізілген. Мерзімі өткен оларды пайдалану – заңсыз.Лифттің 4еуі тексерілді қазіргі таңда бесіншісі бойынша жұмыс жүріп жатыр.


 Серіктестік директорының вөзінше, мәселені тек жаңа лифтілерді сатып алу арқылы шешуге болады – оған өз қаражаты есебінен немесе әкімдіктің көмегімен 0,01% - бен сатып алу қажет. Айта кетейік,тұрғын үйде небәрі 6 подъезд бар, алғашқы екеуінде лифттер жұмыс істеп тұр. олардың мерзімі 2024 жылы аяқталады.