Шайбалы хоккейден жастардың Құлагер және Торопеда командалары арасында ойын тартысты өтті.


Үйде өткен ойында Петропавлдықтар екі рет Өскемендіктермен өткен матчта жеңіске жетті. Алғашқы кездесуде қарсылас құрама қақпаға екі шайба салып, ойынды сенімді түрде ашты. Дегенмен, үшінші кезеңде Ильгиз Нұриевтің шәкірттері қарсы қақпаға 6 рет қатарынан шайба салды. Ойында Александр Сергушкин хет-трикпен, Данила Пиниди өзі жасаған дубльмен көзге түсті. Есеп 7:5 болып, Петропавлдықтардың пайдасына шешілді. Ал, екінші ойын 4:3 есебімен аяқталды. Осылайша "Құлагер" хоккей құрамасы қатарынан 8 - матчта жеңіске жетіп, Чемпионат көшбасшыларының үштігіне көтерілді. Ал Құлагерліктер мен Павлодарлықтардың кездесуі 22 және 23 қарашада өтеді.