Солтүстікқазақстандық полицейлер тіркелмеген мылтықпен заңсыз аң аулады деген күдікпен Жамбыл ауданының екі тұрғынын ұстады. Оқиға орнынан қару-жарақ тәркіленді. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі әзірлеген бейнематериалға назар аударайық.


- Бегут! Давай, давай! Беги, беги! Запись с видеожетона по незаконной охоте в Жамбылском районе.


Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейдті «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізді. Орман ішінде тексеру үшін тоқтатылған 31 және 33 жастағы ауыл тұрғындары қашып кетпек болды, алайда алысқа ұзамады.


- Добрый день! Старший инспектор капитан полиции ... . Что здесь делаете? 

-Ружьё ваше? Вы с него стреляли? — Да. — Разрядите. А есть разрешение на оружие? — Нет


Тексеріс барысында мылтық тіркелмеген болып шықты. Оқиға орнынан сібір елігінің еті, патрондар мен гильзалар, пышақ тәркіленді.


Марат Малғаждаров, СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы:

- Аталған факті ҚР ҚК 337-бабы 3-бөлігі «Заңсыз аңшылық» бойынша біріңғай тергеп тексерулердің тізіміне еңгізілді. Естеріңізге сала кетейік адамдар тобымен жасалған заңсыз аң аулаушылық бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салудан мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазасы қарастырылған.


«Браконьер» іс-шарасы облыс аумағында 20 қазаннан бастап жүргізілді. Осы сияқты фактілерге жол бермеу мақсатында жұмыс күшейтілді. Бұдан бөлек, мүдделі ұйымдардың өкілдерімен бірлесе құрылған мобильдік топтар рейдтік іс-шараларды қарқынды түрде қолға алды. Акция өткен уақытта облыс аумағында заңсыз аңшылықтың 9 дерегі анықталған.