Петропавл тергеу изоляторында орналасқан №656 сайлау учаскесі өз жұмысын таңғы 7-ден бастады. Ата Заңымызда белгіленген даус беруге құқығын 176 адам пайдаланды. Арнамыздың түсіру тобы дайындаған бейнематериалға назара ударайық.


СҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесінің №66 мекемесінде, яғни тергеу изоляторында 255 адам отыр. Олардың 176-сының сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ, яғни олар бүгін сайлауға қатысып, таңдауларын жасауға құқылы. Олар үшін мекемеде № 656-шы сайлау учаскесі ашылып, өз жұмысын таңғы 7-ден бастады. Небәрі бір сағат ішінде уақытша қамауға алынғандардың жартысы таңдауын жасап үлгерді.


ЕРКІН КӨПЖАСАРОВ, СҚО ҚАЖД № 66 МЕКЕМЕСІ БАСтығыныҢ М.А.:

-  Сайлау учаскесі таңғы 7-ден ашылды.СОдан бері 178 сотталған дауыс берді. Жұмыстар жүргізіліп жатыр.Сайлау кезінде тсүкі асқа мерекелік ас беріледі.


Жалпы, елімізде кәмелеттік жасқа толған азаматтар дауыс бере алатынын еске түсірейік. Ал, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген және әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдар ғана сайлауға қатыса алмайды. Бүгін тергеу изоляторында отырған Даниил Карлюк алғаш рет сайлауға қатысып, дауыс беріп жатыр.


ДАНИИЛ КАРЛЮК:

-  Бұл менің алғаш дауыс беруім. Әрине, аздаған қобалжу болды. Бірақ соған қарамастан егемен еліміздің және халқымыздың жарқын болашағы үшін өз таңдауымды жасап, аз да болса үлесімді қосқаным үшін қуаныштымы. Өзіммен қатарлас жастарға айтарым өкінетіндей қателік жасамандар. Болашақтарынды ойландар.


Айта кету керек еліміз егемендікке қол жеткізгелі бері бұл 7-ші Президент сайлауы. Соңғы рет мұндай саяси науқан 2019шы жылы өтті. СОл жылы Президентікке 7 үміткер тіркелсе биылғы науқанда 6 үміткерге дауыс беріліп жатыр.



Майгүл Сейілбек