Петропавлдағы тергеу изоляторында да сайлау өтті. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің № 66 мекемесінде № 656 сайлау учаскесі орналасқан.


Тергеу изоляторында қазір 255 адам отыр, олардың 176-сына қатысты сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Ендеше олар өз таңдауларын жасап, дауыс беруге құқылы. Сайлау учаскесі таңғы сағат 7.00-де жұмысын бастады. Бір сағаттың ішінде сайлаушылардың жартысы өз таңдауларын жасап үлгерді.


Айта кетейік, Қазақстанда 18 жасқа толғандардың барлығы дауыс беруге құқылы. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдар ғана сайлауға қатыса алмайды.


ЕРКІН КӨПЖАСАРОВ, СҚО ҚАЖД № 66 МЕКЕМЕСІ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.:

-  Сайлау учаскесі таңғы 7-ден ашылды.СОдан бері 178 сотталған дауыс берді. Жұмыстар жүргізіліп жатыр.Сайлау кезінде түскі асқа мерекелік ас беріледі.