Петропавлда 1 айдан 8 жасқа дейінгі балаларға арналған "Baby Dany" балалар жүзу сауықтыру орталығының ашылуы өтті. Ол әсіресе күз-қыс айларында баланың иммунитетін жоғарылатуға, денсаулығын шынықтыруға сеп болмақ. Сабақтар жүрек-тамыр, тыныс алу, бұлшықет, жүйке жүйесінің жұмысын жақсартуға көмектеседі.
Сауықтыру орталығына дәрігердің нұсқауы бойынша немесе ата-ана өз қалауы бойынша баласын әкеле алады. Әйгерім Керейбаева өз ісін бастаған жас кәсіпкер, мұндай орталыққа қажеттілікті өзі ана болған кезде байқаған. . Қиындықтарды жеңіп, бөлме мен мамандарды тауып, құрал-жабдықтар сатып алды, жоспарлағаны ойдағыдай орындалды.
ӘЙГЕРІМ КЕРЕЙБАЕВА,ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:
– Орталық ең жоғарғы жабдықтармен жабдықталды. . Бассейнге 24 сағат бойы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл тазалықты, дезинфекцияны қамтамасыз етеді.Әр апта сайын бассейнге техникалық қызмет көрсету мамандары келіп тексеріп тұрады.Апта соңында сынама аламыз.Орталыққа арнайы көрсетілім бойынша және сау балалар да келе алады.

Жүзу сабақтары қан айналымын жақсартады және баланың иммунитетін нығайтады. Арнайы климаттық режим, емдік дене шынықтыру, кәсіби кеңестер."Бұл жағдайлар балалардың денсаулығын жақсартуға ықпал етеді", — дейді мамандар.
УЛЬЯНА ШЕВЧУК ,жаттықтырушы:
- Сабақ алдында біз әр баланы дайындаймыз, жылыту жаттығуларын, массаж сабақтарын өткіземіз.Содан кейін 30 минут бойы аквагимнастика жасаймыз. Менің тобымда 4 бала, 4 ана бар. Әрқайсысына көп уақыт бөлемін.Барлығын назардан тыс қалдырмауға тырысамын.

Орталықтың ашылуымен 7 адам жұмысқа орналастырылды. Мұнда адалдық бағдарламасы аясында, ерекше балаларға және көп балалы отбасыларға жеңілдіктер қарастырылған.