Өңір басшысы Құмар Ақсақалов Мағжан Жұмабаев ауданында болды. Ауданда өңірдегі 23-ші сүт фермасын іске қосылды. Жастар ауылында жас шаруа Арман Уатаев 1,5 жылда 600 басқа арналған сүт фермасын салды. Бұл кешенде  жылына 3,5 мың тонна сүт өндірілмек. Облыс әкімі нысандардың жұмысын көріп, жергілікті тұрғындармен кездесті, жағдайларын білді. әріптесім Айнұр Досан тарқатсын. 

Жұмабаев ауданындағы «Балаларды қолдау орталығы» 1965 жылы салынған және содан бері ешқашан күрделі жөндеуден өтпеген. Қираған шатыр, сынған терезе, тот басқан құбыр, суық бөлмелер – бұл мекеменің биыл жөндеу жұмыстарын жүргізгенге дейінгі жағдайы.  Биыл жергілікті билік өкілдері ақша бөліп, ғимарат толық жөндеуден өтті. Шатыр  ауыстырылып, пластикалық терезелер орнатылды. Бастысы жылу жүйесін жөндеді. 

МЕРУЕРТ РАСКУЛОВА, ӨМІРЛІК ҚИЫН ЖАҒДАЙДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
- Бізде 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар бар. Республика күніне орай экран кішкентай.

Балаларға қолдау көрсету орталықтарының жеткіншектерге барынша қолайлы болуы мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.  Облыс әкімі – Құмар Ақсақалов  жыл сайын мұндай мекемелерде балалар саны азаюы керек деген пікірде. Өңір бойынша 2017 жылы мекемеде 400-ге жуық тәрбиеленуші болса, қазір олардың саны -271. 130-ға жуық бала отбасын тапқан.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Балалар керек ҰБТ жалғастыру керек.

 сондай-ақ, өңір басшысы "Полудинское" ЖШС сүт фермасына барды. Кәсіпорын өсімдік шаруашылығымен 20 жылдан астам уақыт айналысып келеді, ал 2019 жылы сүт фермасын салып, сиыр басын көбейтті. Бүгінгі таңда мұнда симментал және голштино-фриз тұқымды 460 ірі қара бар. Бір сиырдан күніне 20-дан 22 литрге дейін сүт алынады. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Жақсы жоба, біздің облысымыз үшін өте қажет жоба. Сүт фермасын ашу бойынша белсенді жұмыс жақсы нәтиже береді. Жұмыс орындары ашылады. Салық түседі. Сонымен қатар, өнім түрі артады. Бүгінде елімізде өндірілетін барлық сүт өнімдерінің төрттен бірі біздің облысқа тиесілі.

Құмар Ақсақалов барған келесі нысан - "Қызылжар МТС Агро" ның фермасы.  Ол Жастар ауылының жанында орналасқан. Биыл ғана пайдалануға берілген фермаға 360 бас голштино-фриз сиыры әкелінді. Тағы 235 сиыр осы жылдың желтоқсанында жеткізіледі деп күтілуде. Жобаны іске асыруға жалпы 3 млрд теңгеден астам жұмсалған. Бұл кешенде жылына 3,5 мың тонна сүт өндірілмек. Жоба мемлекеттің қолдауымен жүзеге асты. Бұл ауданда салынған бесінші ферма.

АРМАН УАТАЕВ,"ҚЫЗЫЛЖАР МТС АГРО" ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
- Ирландиядан "DairyMsater" жабдықтарын сатып алдық. Бізде ешқандай проблема болған жоқ, мал мен жабдыққа мемлекеттік ақша алдық, малдың бірінші партиясы үшін субсидия берді. Бүгінгі таңда 11 бұзауымыз бар, 12 сиыр сауылады.

Облыс әкімі Жастар ауылының тұрғындарымен кездесті. Халық ауылдағы мәселелермен бөлісті. Өңірдегі басты проблема - ұялы байланыс пен интернеттің сапасыздығы. Бірақ ЖШС басшысының арқасында жағдай реттеле бастаған. Ол өз қаражатына ауылда мұнара орнатқан. Енді тек қажетті жабдықтарды орнату жұмыстары ғана қалды. 

Қайрат ОМАРОВ, М.Жұмабаев ауданының әкімі:
- Бүгінгі таңда бізде жөндеу жүргізіліп жатыфр. Жастар ауылын дамытудың 2023 жылға арналған жоспары бар. Бүгінгі таңда 4 км су құбыры салынып, 12 құдық орнатылды. Кентішілік жолдар бойынша бүгінгі таңда бізде 30 млн теңге бөлінді, біз бір жарым шақырымға қиыршық тас төседік. Кейін асфальт төсейміз.

 Облыс әкімі жалпы 34 шақырымды құрайтын, Булаево-Октябрьское-Конюхово жол учаскесіндегі жөндеу жұмысын көрді. Бұл жол 9 елді мекенді байланыстырады. Осыған дейін жергілікті тұрғындар осы учаскені жүріп өтуге бір сағат жұмсауға мәжбүр болса, енді мәселе шешілді. Жобаны іске асыруға бір жарым млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Енді ең бастысы - жолды дұрыс пайдалану.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ауыр жүк көліктерін бұл жолмен пайдаланбауы тиіс. Бұл жол машиналардың белгілі бір салмағына арналған. 40 тонналық көліктердің жолға шығуы оны бұзады. Оны сіздер, ауылдықтар өздеріңіз қадағалау керексіздер.

 Өңір басшысы бұдан кейін, Булаев қаласының ақсақалдарымен кездесті. Әкім оларға аудандарындағы өзгерістер мен алдағы жоспарлар туралы айтты.