Қазақстанда ауылдық округ әкімдерін сайлау жалғасуда. Бұл саяси науқан 2022 жылдың соңына дейін өтеді. Өткен демалыс күндері облыстың бірнеше елдімекен тұрғындары сайлау учаскелерінде дауыс берді. Олардың қатарында Жамбыл ауданындағы № 171 және 172 сайлау учаскелері де бар.
Жамбыл ауданының Мирное ауылындағы №171 сайлау учаскесі жексенбі күні таңертең сағат жетіде ашылды. Мектеп ғимаратында орналасқан учаскеге өз таңдауын жасау үшін келген тұрғындар аз болмады. Олар өздері сайлаған жаңа әкім елді мекендегі мәселелерді шешетініне сенімді.
ЕЛИЗАВЕТА ЦУБИКС, ауыл тұрғыны:
- Жол мен интернеттің сапасыздығы, жұмыссыздық, жаңа жұмыс орындарын ашу сияқты проблемалар шешіледі деп үміттенемін. Барлығы қаржыға тіреледі ғой. Дегенмен жаңа әкіміміз бұл мәселелердің шешілуіне мұрындық болады деп сенеміз.

Әлеуметтік салада да, инфрақұрылымда да мәселе аз емес. Бірінші кезекте әрине бұл жолдың жағдайы. Әсіресе ауылға дейінгі жалғыз жолды жөндеу қажет. Қазіргі уақытта Мирное ауылында мектеп, ФАП және пошта, үш дүкен бар. Бұл күні 3 үміткер ауылдың әкімі болу үшін сайлауға түсті. Үшеуі де сол жердің тумасы, сондықтан проблемаларды бес саусақтай біледі.
АЙГҮЛ МҰСАИПОВА, №171 УЧАСКЕСІ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Ұзынкөл ауылында екінші сайлау учаскесі орналасқан.Яғни 172участок .Мұнда да азаматтардың белсенділігі байқалады. Олар үшін сайлау-маңызды саяси оқиға.
АЙГҮЛ ҚОШАНОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
КЛЕМАЙ МУСИНА, № 172 УЧАСКЕСІ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
- Бүгін бізде ауылдық округ әкімінің сайлауы өтіп жатыр, 156 тұрғын бар. Қазір басым бөлігі дауыс беріп үлгерді. Халық белсенді. Рождественко деген ауылда да сайлау науқаны жүріп жатыр. Үйде дауыс беретін мүгедектер де, зейнеткерлер де бар. Оларға дауыс беру жәшігін апармыз.

Бұл округте де сайлауға үш кандидатура ұсынылды. Үміткерлерге қойылатын талаптар - 25 жастан асқан, жоғары білімі, мемлекеттік қызметте немесе басшылық қызметте жұмыс тәжірибесі бар болуы шарт. Сонымен қатар сотталмаған, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қатысы болмауы керек.