Ауыл әйелдерінің ауыл шаруашылығн дамытудағы рөлін ескере отыра  2007 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 15 қазанды дүниежүзілік ауыл әйелдері күні деп ресми түрде бекітті. Ауылдық жерде тұратын қыз-келіншектер әлем халқының төрттен бір бөлігін құрайды. Қазақстаннның агроөнеркәсіп кешенінде қазір 1,2 миллионға жуық адам еңбектенеді, оның 512 мыңға жуығы әйелдер.

Татьяна Буйвидович -наубайшы. Ол еңбектеніп жатқан наубайхана 16 елді мекеннің тұрғындарын ыстық нан және кондитерлік өнімдермен қамтамасыз етіп отыр. Жаңа піскен нан Ғабит Мүсірепов ауданының басқа да ауылдық округтерінде сұранысқа ие. 

ТАТЬЯНА БУЙВИДОВИЧ, НАУБАЙШЫ:
- «
Біздің өндіріс үздіксіз жұмыс істейді. Күніне бір жарым мың бөлке нан пісіреміз. Бұл бірінші сұрыптағы нан. Бұдан бөлек түрлі тәтті орамалар жасаймыз. Біз бүкіл ауылымызды, жақын маңдағы бөлімшілерді нанмен қамтамасыз етеміз.»

Майра Турлина – Ғабит Мүсірепов ауданындағы «Возвышенко» СК сүт-тауар фермасында жұмыс істейді. Оның міндеті бұзауларға күтім жасау. Уақытында азықтандырып, орындарын тазалап отыру. 

МАЙРА ТУРЛИНА, ЖҰМЫСШЫ:
- «
Бұзаулар олар кішкентай балалар сияқты. Оларды азықтандырамыз. Ұйықтайды. Сүтпен шақырсақ, олар сүтті көріп мөңіреп,  суарғанша секіріп, шауып жүгіреді. Оларға да  ерекше күтім қажет.»

Қожалықта жұмыс бастан асады. Күнделікті сауыны тағы бар. Фермада барлығы 6 адам жұмыс істеп,  180 мың теңге мөлшерінде t4 еңбекақы алады. 

 ЗӘУРЕШ НҰРМҰҚАНОВА, "АРҚАЛЫҚ" ШҚ САУЫНШЫСЫ:

 Дүниежүзілік ауыл әйелдері мерекесі- бұл қыз-келіншектер жұмысының қаншалықты құнды және маңызды екенін тағы бір еске салады. Бүгінде ауыл әйелдеріне өз кәсібін дөңгелетуге мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар көрсетілуде.