Өңір жетекшісі тамыз айында Қызылжар ауданында іске қосылған ет бағытындағы құс фабрикасына барып, атқарылып жатқан жұмысты қадағалады. Кәсіпорын жылына 1,5 мың тонна құс етін өндіруге қауқарлы. Ал, 2023-ші жылы фабрика толық қуатына шығады. Қазіргі таңда балапандардың екінші легі әкелінді.
Құс фабрикасының құрылысы өткен жылдың шілде айында басталды. Жобаның жалпы құны 1 млрд 700 миллион теңге. Оның 900-ін кәсіпкер мемлекеттік бағдарлама бойынша несиеге алған. Мекиендердің алғашқы легі тамыз айында әкелінді. Қазір олардың салмағы шамамен 600 грамм. Болашақта 2,5 килограмға дейін жетуі мүмкін. Кәсіпорында 3 корпус жұмыс істейді, жақында тағы бірнешеуін салу жоспарда.
РАДИЙ КӨШЕРБАЕВ, «ЖАҢА ҚҰС» ПТФ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
- Мердігер компания құрылыс материалдарын сатып алады. Кейін құрылыс жұмыстары басталады. Ең бастысы ауа райы қолайлы болса екен дейміз. Фабриканы кеңейту бойынша жұмыстарды келесі жылдың қыркүйек айына дейін толығымен аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Жалпы, жылына облыс тұрғындарының құс етіне деген қажеттілік 8,5 тоннаны құрайды. Ал, іске осылған фабрика 12 айда 1,5 тонна ет өндірмек. Оның үстіне бағасы да арзан. Келісі 1100 теңге. Өңір жетекшісі осы бағаны сақтап, өзге кәсіпкерлерге үлгі болу керектігін атап өтті.
ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Жылдың басынан бері ауыл шаруашылық саласында 31 инвест жоба жоспарланған. Ол 7,7 млр теңге көлемінде инвестиция. Соынң бірі «Жаңа құс» фабрикасы . Бүгін ашылуын көріп отырмыз. Нәтижесі де бар. 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 5 милион теңге салық төленді былтыр, биыл 50 млн теңге көлемінде салық төленеді деген жоспар бар.
Фабрикада құсқа күтім жасау процесі компьютерге жүктелген. Кәсіпорында Австриялық озық технологиялар сәтімен қолданылуда. Мұнымен қоса, құстарға жем-азық жеткізу үшін арнайы мобильді құрама жем көлігі сатып алынды. Айта кеткен жөн шығарылатын өнім экологиялық таза.
ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- СҚОның жерінің потенциалы бұл таза өнім шығару. Мал шаруашылық саласының өнімдері таза болу керек. Химияны аз пайдаланатын өңірміз. Экспортқа шығарған кезде қайтарып өнімдерімізді болмаған. Осы станддар сақталуы керек.
Кәсіпорында сою цехы да бар. Тауықтар 42 күн ішінде пісіп-жетіледі. Қажетті салмақ жинаған соң тауық еті дүкен сөрелеріне жеткізіледі. Фабрика 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Орташа еңбекақы 170 мың теңге.
Майгүл Сейілбек