Өңірде «Қара қыз» көркем фильмінің түсірілімі жүріп жатыр. Қоюшы режиссер Талғат Теменовтың айтуынша, драмалық фильм Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары халықтың басына түскен ауыртпалық туралы болмақ. Түсірілім алаңында облыс әкімі Құмар Ақсақалов болды.
Бұл Қызылжар өңірінде түсіріліп жатқан осымен үшінші көркем фильм. Бұл жолы соғыс кезеңі қамтылған. «Қара қыз» әскери драмасы – бұрын өтіп кеткен оқиғаны баяндайды. Картинаның негізгі түсірілімдері екі өңірде – Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында жүргізіліп жатыр.
Басты кейіпкер – Алмагүл, ол кинооператор, майданға сүйіктісін табу үшін аттанады. Оны жас актриса Нұрай Сақтапова сомдайды, айтуынша, бұл оның «үлкен» экрандағы алғашқы рөлі.
НҰРАЙ САҚТАПОВА, АКТРИСА:
– Это мой первый опыт на актёрском поприще. На роль Алмагуль меня выбрали после кастинга. Я благодарна положительной оценке моих талантов со стороны киностудии. Ведь ранее не я, не мои близкие не были связаны с этой сферой. Уверена, что фильм выйдет отличным.

Көркем фильмнің қоюшы режиссері – көпке белгілі кинематографшы Талгат Теменов. Оның «Махаббат станциясы», «Көшпенді» фильмдері елімізде ғана емес, шетелдерде де киносүйер қауымға жақсы таныс.
ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВ, РЕЖИССЁР:
– Менн көптеген елді араладым. Қазақстанның әр түкпірінде болдым. Бірақ дәл осы жердегідей табиғат жауһарын басқа еш жерде кездестірмедім. Қазақстанда ғана емес, ешқайда жоқ. Осы өмірімде 80-нен астам елде болыппын. Бірақ мұндай сұлулықты көрген емеспін. Бұл жерде көлдер де, орман да, алқап та бәрі бір жерге шоғырланған.

Фильмді «Байтерек Продакшн» студиясы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығымен бірге түсіріп жатыр. Түсіру тобының құрамында 70 шақты адам бар. Труппаның үштен бірі – солтүстікқазақстандық театрлардың актерлері. Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың пікірінше, мұндай жобалар өңірге туристерді тартып, аймақтың тартымдылығын арттыра түспек.
ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Біздің облыс инвестициялық жобалар үшін ғана емес, осындай басқа да жобалар үшін тартымды болып отыр. Біздің өңір жайында көпшілік білуі тиіс. Осындай жобалар арқылы, мәселен осы фильмді көру арқылы біздің өңірге келгісі келеді. Бұл туристер санының артуына ықпал етеді деп сенемін. Ал бз өз кезегімізде мұндай жобалардың жүзеге асуына қолдау білдіреміз.

Бұған дейін облыс аумағында ақиық ақын, біздің жерлесіміз Мағжан Жұмабаев жайында «Мен жастарға сенемін» атты фильм түсірілді. Сондай-ақ «Долгое эхо» атты тарихи туындының түсірілімі жүргізілді. Ал «қара қыз» көркем фильмінің түсірілімі жоспар бойынша келер жылы аяқталмақ.