Өңірде тамақ өнеркәсібін дамытып жүрген жандардың бірі – «Максимальный размах CORPORATION» ЖШС директоры Максим Калинин. Жерлесіміздің бұл салада еңбек етіп келе жатқанына 19 жыл. 2000 жылдары аядай ғана цехте 5 жұмысшымен мұздатылған жартылай фабрикаттар шығаруды бастаған ол, кезең-кезеңмен жүріп, жаңа деңгейге көтерілді. Қазір оның өнімдері Қазақстанда ғана емес, Ресейде де жоғары сұранысқа ие. Кәсіпкермен арна тілшісі Нұрбол Балғабеков тілдесіп қайтты. Сюжетке назар аударайық.

2003 жылы құрылған «Максимальный размах CORPORATION» ЖШС тұшпара, субүйрек, манты, кәуап секілді мұздатылған жартылай фабрикаттар шығарумен айналысады. Серіктестік директоры Максим Калиннің сөзіне қарағанда ол өз кәсібін 15 шаршы метрді құрайтын аядай ғана цехте бастаған.  

 МАКСИМ КАЛИНИН, «МАКСИМАЛЬНЫЙ РАЗМАХ CORPORATION» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
-
«Бастапқы кезеңде оңай болған жоқ. Тауарды өткізу өте қиын болатын. Ақша да жоқ. Бірақ, әрдайым тығырықтан шығу жолдарын іздедік. Бір орында тұрмадық. Іс-сапарларға шығып, өз өнімізді ұсындық. Қазір Қазақстанның өзінде 8 филиалымыз бар. Біздің өнім Ресейде де сұранысқа ие.»

Бүгінде іргелі серіктестік жаңа дейгейге көтерілді. Яғни, кәсіпорын кеңейіп, жаңғыртылды. Оған 1,3 миллиард теңге инвестиция тартылған.  Жалпы бүгінде мұнда өнімнің 93 түрі шығарылады.

МАКСИМ КАЛИНИН, «МАКСИМАЛЬНЫЙ РАЗМАХ CORPORATION» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
-
«Жалпы, біз тек өнімнің көлемін арттырып жатырмыз. Жаңа кәсіпорында тоңазытылған ет пен көкөністен бөлек, мұздатылған құймақ, круассан секілді өнімдер шығарылатын болады. Сондай-ақ, борщ, котлет сияқты дайын тағамдар да өндіріледі. Жұмысшылардың жалақысы 180 мыңнан басталып 1 миллион 400 мың теңгеге дейін жетеді. Барлығы білікті мамандар. Соңғы үлгідегі жаңа қондырғылардың тілін бес саусақтай біледі.

Бүгінде кәсіпорында 250 адам еңбек етеді. Соның бірі- Евгений Рамздорф. Ол бұл зауытта 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бастапқыда жүк тасушы болып орналасыпты. Қазір цех шебері. 

ЕВГЕНИЙ РАМЗДОРФ, «МАКСИМАЛЬНЫЙ РАЗМАХ CORPORATION» ЖШС ЖҰМЫСШЫСЫ:
-
«Кәсіпорында жұмысшылар үшін бар жағдай жасалған. Тек еңбек ету керек. Түскі ас тегін. Жұмыстан кейін үйге де тегін жетеміз. Яғни, арнайы көлік бөлінген. Жалақымыз да жаман емес. Мен айына 300 мың теңге табыс табамын. Өзіме жетеді. Максим Семенович өте білікті басшы. Оған алғысым шексіз.

Алдағы уақытта серіктестік басшысы Максим Калинин Қытай мен Еуропа елдерінің нарығына шығуды жоспарлап отыр.   

 

Нұрбол Балғабеков