Аққайың ауданына қарасты Дайындық ауылы аудан орталығынан 21 шақырым жерде орналасқан. Қайта түлеген ауылда тұрғындарға тұрмысқа қолайлы жағдай жасалған. Мұның бәрі осы ауылдың бас көтерер азаматы, «Дайындық-Агро» ЖШС-нің білімді де тәжірибелі басшысы Біржан Шәймерденовтың арқасы. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген жылдары құрылған серіктестік 26 жылдың ішінде биік белестерді бағындырды. Оны басқарып отырған кәсіпкер шаруашылықты ғана дөңгелетіп қоймай, ауылды да болашағы зор елді мекендердің қатарына қосты. Ал, бүгінгі күні әке ісін ұлы Олжас Шәймерденов жалғастырып келеді. 
 
 Кеңес кезінде қирап, үйінділердің астында қалған ауылдың бүгінгі келбеті көз қуантарлық. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елді мекенде 20 шаңырақ қана қалса, бүгінде 80-ге жуық отбасы түтін түтетіп отыр. Ауыл тумасы Біржан Шәймерденов 2028-ші жылға дейін бұл санды 100-ге дейін жеткізбекші. Дәл сол жылы Дайындық ауылы өзінің 100 жылдығын атап өтпек.Біржан Шәймерденов ауыл шаруашлығын соның ішінде егін шаруашылығын 1997-ші жылы қолға алған. Алғашында иелігінде 1 мың гектар жер болса бүгіндері 15 мың гектар жерге дәнді және майлы дақылдың түр-түрін егеді.
 
ОЛЖАС ШӘЙМЕРДЕНОВ, «ДАЙЫНДЫҚ-АГРО» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
- Сол 15 мыңға 10 мың гектарына бидай егеміз, 15 мың гектарға мал шаруашылығы болғандықтан жүгері егеміз, сенаж, шөп егеміз, қалғанына майлы дақылдар егеміз. Егін шаруашылығына келетін болса бидайдан 20 центнерден алып жатырмыз. Биыл жауын аз болды. Соған қарамастан 18-20 маңайында бидайдан шығым алып жатырмыз. Рапсқа келетін болсақ онда 20 пайыз алып отырмыз. Сенаж, кукурызды жинап алдық, қысқа дайынбыз. 
 
 2019 жылы  серіктестік мал шараушылығын да қолға алды. Осы жылы Дайындық ауылының жанынан 1200 басқа шақталған сүт тауарлы фермасын ашты. Австриядан 600 бас симментал тұқымды қара мал әкелінді. Жыл өткен сайын тайыншалар төлдеп, мал басы артты. Биыл фермаға қосымша 250 бас мал жеткізілді. Бүгінгі күні кешендегі асыл тұқымды қара малдың саны 2мыңға дейін жетеді.
 
АЛТЫНАЙ БӘЖІКЕНОВА, «ШӘЙМЕРДЕНОВ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БРИГАДИРІ: 
-   Дайындық ауылына ең алдымен үлкен апам келді. Кейін 2020-шы жылы мен де жолдасыммен көшіп келдік. Мен малға қарасам, жолдасым алқапта жүреді. Серіктестік басшылығында тұрған Біржан ағамыз бен ұлы Олжас Біржанұлы да өте қарапайым адамдар. Бізді жылы қарсы алды. Ауылдан үй берді. Үйіміз жылы әрі кең. Суы да ішінде бар. Оның үстіне жол мәселесі де жоқ.   
 
 Шаруашылықтан түскен қаржының бір бөлігін кәсіпкер Дайындық ауылын дамытып, көркейтуге бағыттайды. 26 жыл ішінде ауылда тұрам, жұмыс істеймін деген азаматтарға үй салумен қатар жол, су, жылу мәселесімен әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысын да назарға алынды.Соңғы 5 жылда ауыл мектебінің ескі ғимараты қайта жаңартылып, балабақша, фельдшерлік-акушерлік пункт, мешіт салынды. Ал, бүгінгі күні кәсіпкер 17 үйдің құрылысын қолға алды. Әрқайсысына 10-12 млн теңге бөлінген. Бүгінде әке ісін ағамыздың ұлы Олжас Шәймерденов те абыроймен жалғастырып келеді.
 
ОЛЖАС ШӘЙМЕРДЕНОВ, «ДАЙЫНДЫҚ-АГРО» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
-   Сегіз үйдің фундаментін құйып, 4 гараж құйылды оған қоса летний кухнясымен бірге болады осы үйлер. Ауыл тұрғындарына салынып жатыр. Бұл үйде специалистер тұрады. 17 үй болады осы жерде. Ендігі жылыдң күзіне едйін аяқтауды жоспарлап отырмыз. 
 
Рабиға Күлмәнова 26 жастағы ұлымен осыдан 2 ай бұрын Дайындық ауылына Түркістан облысынан көшіп келген. Өзі кешенде бұзау бағушы, ұлы механизатор болып еңбек етеді. 
 
РАБИҒА КҮЛМӘНОВА, «ШӘЙМЕРДЕНОВ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БҰЗАУ БАҒУШЫСЫ:
-   Бұзауға қараймын. Огсылардың астын тазалаймын.Сүт беремін.Айлығым жақсы. Жақсы деп мақтағасын келіп, өзім көріп  кеткенмін. 250 мың айлығыам. Директорға рахмет,үй беріп, жағдайымызды жасап берді. Баламыз екеуміз жұмыс істеп жатырмыз.
 
 «Әке көрген оқ жанар» демекші Біржан ағамыздың кәсібін ұлы Олжас жалғастырады. Жас кәіспкер әке аманатын сақтап, ауылдастары өзіне артқан сенімді ақтап шығу үшін абыройлы еңбек етпек.
 
 
Майгүл Сейілбек