Петропавлда күш құрылымдарЫ арасында  самбодан  дәстүрлі жарыс өтті. Ол  "Динамо"дене шынықтыру-спорт қоғамының спартакиадасы аясында ұйымдастырылды. Екі күн бойы облыстың құқық қорғау органдарының 90 қызметкері күш пен ептілікпен жарысты.

 Самбодан жарыс - "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамы спартакиадасының жетінші түрі. Шаңғы жарысы, Президенттік миль және гір спорты,  волейбол мен мини-футбол, табельдік қарудан ату сынды сайыстан бақтарын сынаған поллицейдер енді боз кілемге шықты. 

ДАМИР БЕКМҰРЗИН, СҚО ПД АРНАЙЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
-Самбо күресі-спорттың қолданбалы түрлерінің бірі. Қызметкерлер өз қызметінде жауынгерлік күрес тәсілдерін қолдануға мәжбүр болған жағдайлар болады, осыған байланысты әрбірқайсы физикалық дайындықта болуы тиіс.

 Төрешілер жарысқа қатысушылардың бір қатарын аталымдар бойынша марапаттады. Мысалы ПД қызметкері Ердәулет Сайдуллаевке  "жеңіске деген жігері үшін"сыйлығы берілді. Ал курсант Әділжан Рақымғалиев "үздік техника көресткені үшін марапатталды. 

 ӘДІЛЖАН РАҚЫМҒАЛИЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТЫ:

 командалық есепте ҚР Ұлттық гвардия академиясының әскери қызметшілері чемпион атанды. Құрмет тұғырының екінші сатысында-полиция департаменті. Үшінші орын-қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бұйырды.