Бұл қаржының 800 млн теңгесі аудандық маңызы және қалған 1 млрд 200 млн-ы 6 ауылдың  жолдарын ретке келтіруге бағытталған. 3 жылға шақталған жоспарға сәйкес ауыл ішілік жолдардың 36 шақырымы және аудандық маңызы бар тас жолдың 20 шақырымы жөнделуі тиіс. Бұдан бөлек Қызылту ауылына апаратын 11 шақырымды құрайтын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 
 
АРЫСТАН ӘБЕЛДИНОВ, АҚЖАР АУДАНЫ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
-   Айта кету керек ауданымызға жолдарды ретке келтіруге мол  қаржы алғаш рет бөлініп отыр. Осының арқасында біз Ленинградское, Талшық, Киевское, Дәуіт,Ұялы және Горьковский ауылдарының тас жолдары жөнделеді. Бүгіні таңда Дәуітте және Киевскии елді мекенінде жұмыстар 100 пайызға аяқталды.
 
 Жолдарды жөндеу жұмыстары келесі жылы да жалғаспақ. 2023-ші жылы мамандар аудандық маңызы бар 60 шақырым тас жолды ретке келтіруді жоспарлаған. 
 

 
 
Майгүл Сейілбек