Елімізде «Ұлттық фильм» термині мен кино саласын қаржыландырудың жаңа моделі пайда болады. Сенат отырысында депутаттар «Кине-матогрАфия туралы» және «Мәдениет туралы» заңдарға енгізілетін өзгерістерді мақұлдады. Құжат аясында/ аталған саланың материалдық-техникалық базасын сақтау мен дамытуды жүйелендіру тетіктері қарастырылған. Балалардың анимациялық және отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмек. Отандық киноиндустрияны дамыту мен инвестиция тарту мақсатында/ Ұлттық кинокомиссия құру жоспарланып отыр.
 
 НҰРТӨРЕ ЖҮСІП, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
- «Ұлттық фильмдерді шығаруға бөлінетін қаражатты бөлудің жаңа тәсілдері 70 пайызы тарихи, патриоттық және имидждік, 30 пайызы жеке жобаларды, оның ішінде, дебюттік фильмдерді қаржыландыруға бюджет қаражатын қоғамдық маңызы бар шығармашылық жобалды жүзеге асыруға бағыттауға ықпал етеді».