Енді елімізде ресми жұмыс істеп жүрген барлық сала қызметкерлеріне кәсіптік біліктілігін арттыруға мүмкіндік беріледі.  Заң жобасы бүгін мәжіліс қабырғасында таныстырылды. Қазір бір дипломмен өмір бойы қызмет ету үрдісі келмеске кетіп бара жатыр. Жұмыс күшіне талап көп. Кәсіпті үнемі жетілдіру керек. Біліктілікті арттыру маңызды. Заң жобасының мақсаты да сол. Нәтижесінде еңбек өнімділігі мен жұмыс сапасы артады. Заң аясында кәсіптік біліктілік жөнінде ұлттық орган құрылмақ. Ол біліктілікті жетілдіру бойынша әдістемелік және сараптамалық қолдау көрсетеді. Әзірге қанша қызметкер сертификаттаудан өтетіні белгісіз. Тізімді мемлекеттік орган жанынан құрылған кеңес мүшелері жасақтайды.

 ОЛЖАСОРДАБАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
-
 Әрбір мемлекеттік органнның қасында кеңестер ашылады. Кеңестердің ішінде жұмыс берушілер кіреді. Эксперттер кіреді. Олардың бәрі осы ұсыныстарды беріп, біздің тізімге әрбір кәсіпті ,мамандықты кіргізеді.  әрбір мамандықта стандарттар әртүрлі.