Өңір құтқарушылары суға шомылу маусымын қорытындылады. Маусым мен тамыз аралығында мамандар 23 адамның өміріне араша түссе, 5 адам су айдындарында мерт болды.

2022 жылғы суға шомылу кезеңіндегі статистикаға сүйенсек Республика бойынша су айдындарында 184 адам қаза тапқан. Оның 62 сі кәмелет жасқа толмағандар. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 2 есеге төмендеген. 

 МҰРАТ ҚАНҒОЖИНОВ, СҚО ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
-
1 маусым мен 31 тамыз аралығында 2071 рет құтқару жұмыстарына жөнелтілген. Нәтижесінде 23 адам құтқарылды, оның 3 уі бала. ҚР ӘҚБК 440-бабының "Қоғамдық орындарда болу қағидаларын бұзу" заңнамасы бойынша 489 адам, ал ҚР ӘҚБК 364-бабы бойынша "Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу" жөнінде 733 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Еске сала кетейік, Соңғы 5 жылда балық аулау кезінде 15 адам суға кеткен. Сондықтан суда сақтық шараларын қатаң түрде ұстануды есте сақтауларыңызды сұраймыз.

Жыл басынан бері облыста 486 өрт тіркеліп,  33 адам қаза тапқан. Ал 15 адам ТҮРЛІ ЖАРАҚАТ АЛДЫ. Мамандар оқыс оқиғалар көбінесе ЖЕКЕ СЕКТОРДА өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамағаннан, сондай-ақ техникалық құрылғыларды дұрыс пайдаланбағаннан болады дейді. 

 АСЛАН АХМЕТЖАНОВ, СҚО ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
-
Биыл департамент қызметкерлері Жергілікті атқарушы органдармен, волонтерлермен, жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, облыстық елді мекендердегі тұрғын үй секторында өрттің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді. 78 мыңнан астам тұрғын үйді аралп, 140 мың адамға өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша жадынамалар таратылды.

 Өрттің алдын алу үшін маусым айынан бастап тұрмысы төмен отбасылардың 967-сіне датчиктер қойылды, ол түтін не улы газ шыққанда хабар береді. Жақында тағы 450-ден астамы орнатылмақ.