Егін жинау науқаны өңірдің бірқатар шаруашылықтарында аяқталуға жақын. Ауа-райының қолайлы болуы астықтың жоғары өнімділігіне ықпал етеді. Сапалы өнімге қол жеткізуде техниканың  атқаратын рөлі де ерекше. "Асхат Агро" ЖШС алқаптарында диқандардың ырыздығын шашаусыз жинауға  "GLASS" неміс комбайндары жұмылдырылған.

 Есләм Қасенов "Асхат Агро" серіктестігінде 17 жыл еңбек етіп келеді. Алғашында "Нива" және "Енисей" комбайндерін мінсе, қазір немістің  GLASS техникасын тізгіндеп отыр. Ол заманауи комбайнда  жұмыс істеу әлде қайда ыңғайлы дейді 

 ЕСЛӘМ ҚАСЕНОВ, "АСХАТ АГРО" ЖШС КОМБАЙНЕРІ:
 – Біз қолдауды сезінеміз, серіктестік жаңа комбайндарды сеніп тапсырып отыр. Рапсты жинауды бастап кеттік. Мұнда компьютер өнімділікті 36, ылғалды 11 пайыз деп көрсетіп тұр. Яғни, осылай өнімнің сапасын көруге болады.

 Комбайншылардың жалақысы-шамамен 1500000 теңге, таң атқаннан күн батқанға дейін екі ауысымда аянбай  тер төгеді. Шет елдің техникасын алғашқы болып сатып алғандардың бірі Нағашыбай Барлыбаев. Бүгінде шаруашылық алқаптарында 6 GLASS техникасы жүр, әр қайсысының құны 178 млн теңге.

НАҒАШЫБАЙ БАРЛЫБАЕВ, "АСХАТ АГРО" ЖШС БАСШЫСЫ:
 – Шаруашылыққа соңғы үлгідегі заманауи комбайндарды алдық, қазір егін алқаптарында жүр. Техника бірден ылғалдылық пен өнімділікті көрсетеді.Бізде басқа да техникалар бар, олар Россельмаш,Белорус, Полесье, Есіл, Джон Дирлер. Бірақ бізге неміс техникасы ұнайды.

 Биыл серіктестік 8 мың га дән сепкен. Оның ішінде 3 мың гектар бидай, қалғаны - майлы дақылдар. Бұл алқаптағы рапс гибриді  гектарынан 30 центнерден өнім беріп жатыр -дейді диқан. Астықты шашаусыз жинау үшін барлық жағдай жасалған, тіпті  ауа райы мүмкіндік беріп тұр. Серіктестіктің көптеген шаурашылықтардан айырмашылығы санға емес, сапаға мән береді.