Ақжар ауданына қарасты Ленинград ауылдық округіне 3 ауыл кіреді. Мұнда 4 мыңға жуық адам тұрады. Соңғы 3 жылда ауылдық округте халықтың тұрмыстық әл-ауқатын арттыру бойынша бірқатар іс-шара жүзеге асырылды. Соның бірі Ленинград ауылына су тарату желілерінің кіргізілуі. 2020шы жылы 29 млнға ал 2021-ші жылы 49 млн теңгеге су құбырлары тартылды. Алайда, қысымның көбеюінен елді мекендегі ескі су мұнарасы шыдас бермей, істен шықты. Бұл мәселе өз шешімін таптыма? Арна тілшісі әзірлеген бейнесюжетке назар аударайық. 
 
 
Ленинград ауылында ескі су мұнарасы істен шыққан соң үйлердегі судың қысымы азайып, кей тұрғындарға су жетпей қалды. Жергілікті басқарушы органдар бұл мәселені шешу үшін былтыр 100 кубтық жаңа мұнара тұрғызды. Мұнымен қоса, су сақтайтын 2 резервуар орнатты. Бұл жұмыстарға аудандық бюджеттен 10 млн теңге бөлінді. Осылайша ауылдағы 832 үйдің 660-ы таза ауыз сумен қамтамасыз етілді. 
 
АСАН МАЙМАҚОВ, ЛЕНИНГРАД АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:
-   Водоразводящий сетьтің бір бөлігі бұрыннан Ленинградты ңбір бөлігіне су тартылған болатын. Қосымша 29 млнга су тартылғанда 5 шақырым жерге тартылды. Оған дейін 7-8 шақырымда болды.Именно орталықта. 2021-ші жылы тағы қосымша 49 млнға 11 км тартылды. Қазір 24 шақырымды алып жатыр.  Қазіргі уақытта 25 кубтық сөндіріп тастадық.Өйткені 100 кубтық жұмыс істеп тұр. Бұл жеткілікті. 
 
Ленинград ауылында қазақ және орыс тілінде оқытатын 2 мектеп, ауыл шаруашылық колледжі бар. Сол себепті елді мекен тұрғындары су мәселесінің шешілгеніне қуанышты.
 
АМАНГЕЛДІ ТОШКЕН, ЛЕНИНГРАД АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
-    Биыл осы судың башнясын жаңартты.Өйткені ол 60-шы жылдары салынды.Сол себепті тозығы жеткен. Біраз қиыншылықтар көрдік. Бірақ башняны жаңартып, сулар тартты көшелерге. Түгел үйлер қосылғн жоқ біраз водовозбен тасып жүр.
 
Бұдан бөлек  Ленинград ауылында жол мәселесі де шешіліп келеді. Мұнда былтыр 182 млн теңгеге 7 шақырым ауыл ішілік жол жөнделді. Бұдан бөлек Дәуіт ауылында 10 шақырымды құрайтын тас жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оған 62 млн теңге бағытталған.
 
АСАН МАЙМАҚОВ, ЛЕНИНГРАД АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:
-  Сонымен қатар Қызыл ту ауылына жол тартылды. Подезд к селу. 11 шақырым. Средний ремонт. Сонымен қатар міне көптен бері жүргізілмеген Дәуіт пен Ленинграда уылы арасында. Мұнда ЖШС «Көкшетау жолдары» жұмыс атқарджы. Сол жмыс жалғасын тауып жатыр. Келесі жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.
 
Жалпы, ауылдық округ әкімдігі жақын уақытта Ленинград ауылындағы басқа да ауыл ішілік жолдарды жөндеуге кіріспек. Қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттар әзірленіп жатыр.
 
Майгүл Сейілбек