Өңірдегі емдеу мекемелері жас мамандармен толықты. Оңтүстіктен келген 73 дәрігер іске кірісті. Бұған дейін облыстың медицина саласында 300-ге тарта дәрігердің жетіспейтіні туралы айтылған еді. Мәселе біртіндеп шешімін тауып келеді.

 Мәди Жасұлан Қазақ Ұлттық медцина университетінің түлегі. Дәрігер мамандығын меңгеру үшін 9 жыл бойы білім алған. Дипломға ие болған соң уақыт оздырмай Қызылжарға жол тартыпты. Бірден қаладағы 1-ші емханаға жұмысқа қабылданды. 

 МӘДИ ЖАСҰЛАН, ДӘРІГЕР:
- Бүкіл жақта халық бірдей ауырады. Басқа қаланы көріп, сол жақта жұмыс істеп, сол жақта өзімнің еңбегімді тигізуге, жаңа тәжірибелерге Петропавл қаласына келіп отырмын. Халыққа барынша квалификациялық медициналық көмек көрсетіп, енді осы жерде боламын. Договор бойынша алдағы 5 жылда осы жерде болу керекпін. 

1-ші емханада 70 мың тұрғын тіркелген. Мекемеде штаттық кесте бойынша 130 дәрігер болуы шарт. Алайда 30-дан астам жұмыс орны бос тұрған еді. Тамыз айынан бері ұжым 10 жас дәрігермен толықты. Мәди өз учаскесіндегі 1700 адамға медициналық қызмет көрсетеді. Солардың бірі Хадиша Жақиянова. 

ХАДИША ЖАҚИЯНОВА
- Бізде дәрігер болмады. То бір учаскеге, то екінші учаскеге жіберетін. Биыл міне бірінші рет келіп  тұрмын. Біздің учаскеде дәрігер бар, оңды болып тұр, күшті.

 Өңірге келген дәрігерлердің 56-сы облыс орталығында еңбек етсе, қалғандарының таңдауы ауылдық жерлерге түскен. Әр маманға ай сайынға үй жалдауға 3,5 млн теңгеге дейін көтермеақы төленеді. 

 ГҮЛНӘР ҚАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
- Ауылға кеткен мамандардың да баспана мәселесі шешілген. Жалға үй жалдап тұратындар үшін жалға берілетін пәтердің ақысы төленеді. Жас мамандар «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша да қатыса алады. Мемлекеттік бағдарламалардың барлығына толықтай қатыса алады.

 Өңірдің медицина саласында әлі де маман тапшылығы бар. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше 207 дәрігердің орны бос тұр