Петропавлда комиссия біреуі қаза тауып, екеуі уланған жұмысшыға қатысты тексерісті қорытындылады.

Қайғылы оқиға 31 тамыз күні тіркелген болатын. Салынып жатқан Қазақ театрының жанындағы құдықтардың бірін тазалау кезінде белгісіз газдан 3 жұмысшы уланған еді. 20 жастағы жігіт сол жерде қайтыс болды. Қалған екеуі ауруханада емделіп шықты. Мән-жайды анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды. Нәтижесінде мамандар жазатайым оқиға жұмыспен байланысты емес деген қорытындыға келді. Тергеу барысында марқұмның театр құрылысын жүргізіп жатқан компанияда еңбек етпегені анықталды. Оны жұмысшылардың бірі көмекке шақырған. 

ГҮЛНӘР МҰРЗАҚАНОВА, СҚО БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЫ:
- Жұмысшысы өзі ол жұмысын басқаларға тапсырып отыр. Неге десеңіз ол кісі ертерек жұмыстан сұранбақшы екен. Бірінші қыркүйекте жұмыстарым бар, астанаға баруым керек еді, соған мені ертерек жіберсін деген ойда шақырып, тезірек бітірмекші болған.