Облыста «Әділдікті талап ет!» республикалық акциясы өз мәресіне жетті. Соңғы бір ай бойы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігімен бірлесіп, өңірдегі барлық жолдарға бақылау жүргізген. Бұл туралы әріптесім Нұрбол Балғабеков толықтырсын.
«Әділдікті талап ет!» ауқымды акциясы ел бойынша өткізіліп жатыр. Оның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтарға, жемқорлыққа жол бермеу. «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалы өкілдері бірінші кезеңде өңірлерді аралап, барлық дерлік жолдарға бақылау жүргізді. Олардың сөзіне қарағанда жолдарды салу, жөндеу және күтіп ұстау барысындағы заң бұзушылықтар көбеймесе, азаймай тұр.
АЙНАГҮЛ НҰРАХМЕТОВА, «ӘДІЛДІК ЖОЛЫ» ҚБ СҚОФ ЖЕТЕКШІСІ:
- «Мәселен 2019-2020 жылдары Асаново ауылына кіреберіс 6 км жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оған 800 миллион теңге бөлінді. Алайда ол жол екі жылдық кепілдік мерзіміне дейін шыдас бере алмады. Бұл ретте осы учаскеге жауапты «ДОРОЖНИК АШЫҚ АСПАН» серіктестігі кепілдік қызмет көрсету аясында олқылықтың орнын толтыру керек еді. Алайда олар ештеңе де жасаған жоқ. Кепілдік мерзімі қазан айында аяқталады. Жолдарға бақылау жүргізу барысында осы сынды бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.»

Облыста көліктік бақылау инспекциясы да автомобиль жолдарына жүйелі түрде бақылау жүргізеді. Соңғы 8 айда осы салада 196 заңбұзушылық анықталды. 24 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
РУСЛАН СЕЙТАЛИН, СҚО БОЙЫНША КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
-«Сондай-ақ ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау ережелерін бұзушылар да баршылық. Мәселен соңғы 8 айда кінәлі адамдарға қатысты 80 әкімшілік іс қозғалды. Оларға 14 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды.

Айта кетейік, акцияны «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің облыстық департаменті бірлесіп жүзеге асырды. Бүгінде облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімдерінің барлығында жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде. Оның барысында бірқатар бармақ басты, көз қыстылық фактілері анықталған. Бұл туралы сала мамандары алдағы уақытта хабарламақ.
Нұрбол Балғабеков