Осыдан тура 80 жыл бұрын, 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4-те фашистік Германия КСРО-ның батыс шекарасына басып кірді. Тарихта бұл күн Ұлы Отан соғысының басталған күні деп жазылған. Еуропаның біраз жерін жаулап үлгерген жау Кеңес Одағын да дәл солай аз уақытта бағындырам деп жоспарлаған. Алайда халқымыздың патриоттылығы мен күш жігерің арқасында бұл жоспарлары орындалмады.
Кеше ғана ойнап жүрген бозбалалар, соғыс басталғасын бір мезетте есейіп, колхозда үлкендердің орын басты. Майданға 17 жасынан ғана алатын. Алайда Николай Демин 16 жасында соғысқа өзі сұранып, еріктілер қатарына қосылды. Алматыда 6 айлық әскери дайындық курсынан өттіп .
НИКОЛАЙ ДЕМИН, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:
- Белорусиядағы ұрыстарға қатыстық. Жауды шегіндірдік, алайда фашистер кетерінде ауылдарды түгел өрттеп жіберіп бірақ кетті. Үйлердің мұржалары ғана қалған.Жергілікті халық тығылған жерлерінен шығып, бізді қарсы алды. Әйелдер қазандықтарын алып, соңғы қалған азықтарын ұсынып жатса, балар «біздің әскер келді» -деп алақайлап жүр. Қуаныштарын көрсеңдер ғой.
Василий Васлильевич табиғатынан мінезі жұмсақ, мейірімді жан. Алайда осы жұмсақтығына қарамастан 17 жасында соғысты көріп, жауға қарсы тұра білді. Ол кезде басқа амал да таңдау да болған жоқ дейді ол.
ВАСИЛИЙ МАКИЕНКО, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:
- Соғыс басталған жылы мен 14-те едім. Ерлердің бәрін әскерге әкеткесін, біз ерте есейіп, олардың орнына колхозда жұмыс істедік. 1944 ші жылы 17-ге толғасын маған да шақырту келді. 44-ші қосымша атқыштар полкінде қызмет еттім. Кейін 142 атқыштар полкіне 5-ші дивизяға жіберді. Германияның Кенигсберг қаласына дейін жеттік. 1945 жылдың сәуір айы еді. Неміс әскері қашып, Жеңіс жақындаған кез еді.Талай қатарлас жауынгер достарымның өлімін көрдім. Өте қиын жылдар еді.
Ұлы Отан соғысы 27 млн адамның өмірін қиып, балаларды жетім, әйелдерді жесір қылды. Соғысқа аттанған солтүстікқазақстандықтардың 46 мыңнан астамы үйлеріне оралған жоқ. 56 жерлесіміз жаумен ұрыстарда көрсеткен ерліктері үшін Кеңес Одағының батыры атағына ие болды.