Мамлют ауданында «Ауылым – алтын бесігім» атты Бостандық ауылының мерейтойы өтті. Аудан әкімшілігі елді мекеннің 90 жылдығына орай 3 миллион теңгенің сертификатын сыйлады. Ауылдағы тойдың барысын Айгерім Құсайынова тарқатып айтсын.
Мамлют ауданы, Андреев ауылдық округіне 3 елді мекен қарайды. Солардың бірі 90 жылдық тарихы бар Бостандық ауылы. Бүгінгі күні елді мекенде күрделі ж-ндеу жұмыстары жүргізілген. Әр үйге су өткізіліп, көше жарықтандырылды, жолдар жөнделді. Жаңа үйлер салынып, оңтүстік өңірден үш жылда 15 отбасы көшіп келген. Қазір тағы 2 үйдің құрылысы жүріп жатыр, демек ауыл тағы екі отбасыға толығады.
БЕРІК ЖҰҚЫШЕВ, АНДРЕЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:
- Областной жолға дейін жол салынып жатыр, Андреевкаға дейін. Көп жұмыс істеліп жатыр. Бүгін 90 жылдықты тойлап жатырмыз.бәрі тамаша, ауылда ақырын бәрі көтеріліп жатыр. Мемлекет көмек беріп жатыр. Бізде интернетпен проблема болып жатыр. Зенченко Геннадий Геннадиевич көмектесемін деді, вышка қояды және уселительдар орнатады. Барлық ауылдастарды бүгінгі мерекемен құттықтаймын, зор денсаулық тілеймін. Бейбітшілік болсын.
Ауылдағы мақтан тұтарлық нысандардың бірі – мектептегі өлкетану музейі. 1988 жылы ескі ағаш мектептің ғимаратында ашылған, кейін 1991 жылы Бостандық орта мектебінің жаңа ғимаратына көшірілді. Мұнда 300-ге жуық жәдігер сақталған. Ауылдың тарихы туралы барлық мәлімет бар. Негізін қалаушылардың бірі – сурет пәнінің мұғалімі Темірболат Нұртаев. Былтыр мұражайға оның аты берілген. Мерейтой күні ауыл тұрғындары мен қонақтарына экскурсия жасалды.
ГҮЛЖАН МАНТАЕВА, «БОСТАНДЫҚ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ МУЗЕЙ МЕҢГЕРУШІСІ:
- Өмірінің соңына дейін мұражай үшін бізідң кумирымыз деп айтамыз, барлық өмірінің кезеңін арнаған Нұртаев Темірболат Божанұлы болатын. Ол кісі өзі барлық жәдігерлерді өз қолымен жинақтап, талғамына көп көңіл бюөлетін. Талапқа сай қоятын. Оқушыларға үлгі болатындай етіп, тарих әр оқушының санасында қалатындай етіп жеткізген болатын.
90 жылдық мерейтойға жиналған қауымның қарасы қалың болды. Келген қонақтарға шашу шашылды. Киіз үйлер мен алтыбақан құрылып, ұлттық тағамдар әзірленді. Мамлют ауданы әкімінің орынбасары Серік Бәкеев аудан әкімінің атынан тұрғындарды құттықтап, ауылға 3 млн теңгенің сертификатын сыйлады.
СЕРІК БӘКЕЕВ, МАМЛЮТ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Бүгінгі күні ауылым ел бесігі деп, кіндік қаны тамған жерге бір үлкен мерейтойға келіп отырсыздар. Мен сіздерді шын жүректен аудан әкімінің атынан құтттықтаймын. Мерекеміз құтты болсын. Ауылдың келешегі – ол біздің балаларымыз.
Бостандық ауылының тумасы Қажымұрат Нәсиұлы 58 жыл ауылда тұрған. Бүгінгі күні Мамлют ауданының құрметті азаматы. Өмірінің көп жылын ұстаздыққа арнап, ауыл балаларын оқытқан. Сонымен қатар, Қажымұрат Нәсиұлы Бостандық ауылы туралы үш кітап жазған. Мерейтойда шығармаларын ауылдағы мектеп кітапханасына табыстады.
ҚАЖЫМҰРАТ НӘСИҰЛЫ, МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:
- «Ауылым – ел бесігім», «Туған жерім - Үшкөл», «Құтты мекен - Бексейіт» деген. Құтты мекен- Бексейітті өзімнің інім Бексейіт ауылындағы Сайлау Есмұқанов деген, ол да зейнетке шықты, сосын айттым, бұл біздің қасиетті борышымыз. Осы ауданда үш қазақ ауылы болатын. 31 жылы Бостандық құрылды, сол 31 жылдары Үшкөл, Бексейіт колхоздары құрылды. Артынан көп өзгеріс болды. Бірақ та осы үш қазақ ауылы осы Мамлют, бұрыңғы Приишим аудандары, Бескөл аудандарының ұлттық рухты көтеретін, ұлттық тілімсізді сақтап қалған.
Бостандық ауылында өткен тойда сонымен қатар ұлттық ойындардан жарыс та болды. Мәселен мына жерде тоғызқұмалақ пен шахмат ойнаса, ал мұнда ұлттық ойын асық атудан жарыс өтіп жатыр. Қазақ күресінен де балуандар мықтыны анықтады.Оған көрші ауылдар мен Есіл ауданының да спортшылары келді.
МАДИЯР КӨБЕТАЕВ, БАЛУАН:
- Тауағаш ауылынан келдім. Осы Бостандық ауылының 90 жылдығына арнайы құттықтап кетецін деп. Осы қазақша күрес балуандар күресіне қатысып, осы қазақтың ұлттық спортын өркендеп, дамытуда. Ел көркемдеп, дами берсін. Қарсыласым мықты болды. Бүкіл қарсыластар мықты, жақсы дайындалған. 90 кг дейін салмақта күрестім.
Той ауыл тұрғындары мен қонақтардың көңілінен шықты.
ӘЙГЕРІМ ҚҰСАЙЫНОВА, ТІЛШІ:
- 90 жылда іргесі бекіп, керегесі кеңейген, бірлігі жарасып, ырысы тасыған Бостандық ауылы сонау 1931 жылы құрылған. Бүгінгі күні Бостандық ауылы 80-ге жуық үй 500-ден астам тұрғын және мақтан тұтарлық жетістіктері бар үлкен елді мекенге айналған.
Айгерім Құсайынова