Биыл алғаш рет дарынды балаларға арналған жазғы лагерь ашылмақ. Ол 300 оқушыға шақталған. Демалыс орнына республикалық түрлі спорттық, білім сайыстарынан жеңімпаздары ғана жолдама алады.  Одан бөлек облыс аумағында 13 сауықтыру лагері жұмыс істейді. Алайда елдегі карантин шараларына байланысты демалыс орындары балақайларды қашан қабылдайтыны әзірше белгісіз.

Өңірде 1-ші және 10-шы сынып аралығында 66мыңнан астам оқушы бар. Биыл олардың 98 пайызы жазғы сауықтыру лагерімен қамтылмақ. Алайда, лагерь маусымының ашылу күні белгісіз. Респ бас санитар дәрігерінен хабар келсе болғаны, жұмысты бастауға дайынбыз -дейді облыстық білім басқармасы мамандары.

МАФРУЗА НАУАНОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Биыл барлық лагерлер «Қазақстан балалары-жазды қуанышқа толтырайық» тақырыбында өткізіледі. Жалпы облыста 13ҚАЛА СЫРТЫНДАҒЫ  сауықтыру лагері бар. Олардың 5-еуі сенімгерлік басқауға берілген. Олар да қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Егер рұқсат берілсе, оқу жылы аяқталысымен балаларды қабылдай бастайды.

Қала сыртындағы демалу орындарынан басқа, биыл мектеп жанында да лагерьлер ашылады. Ол жерде 40мыңнан астам бала жазғы демалысын тиімді өткізетін болады. Мұнан бөлек, 176 шатырлы лагерь де жұмыс істейді деп жоспарлануда. Демалудың мұндай түрімен 5мыңнан астам оқушы қамтылмақ.

МАФРУЗА НАУАНОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Бізде аз қамтылған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан балалар 100 пайыз жазғы демалыспен қамтылады. Оларға қала сыртындағы лагерлерге тегін жолдама беріледі. Мұнай балалардың саны 9155. Және 194 жетім және ата-ана қарауынсыз қалған мектепте оқитын балаларда назардан тыс қалмайды. Олардың 59-ы республикалық  «Бурабай»  түзету орталығында демалады.

Айта кетейік, биыл облысымыздың 78 оқушысы республикалық «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығына жолдама алмақ. Өңірдегі «Достық» сауықтыру орны жеке кәсіпкерге, сенімгерлік басаруға бірілген. Ол жерде қазіргі уақытта ішкі сылақ жұмыстары жүргізіліп жатыр. Және терезелері де ауыстырылған.

РОЗА КАРАСЕВА, «ДОСТЫҚ» САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ МЕҢГЕРУШІСІ :

- Құбырлар, терезелер барлығы ауыстырлып жатыр. Жалпы лагерьде 9 корпус бар. Олардың қазір 4-5еуі дайын. Бір корпусқа биыл 20 бала ғана орналастырылады. Әр корпуста 1 тәрбиеші, оның көмекшісі жұмыс істейді. Асүйде күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Сонымен қатар, ауладағы ойын алаңдары да сырланып, әдемі кейіпке енуде.

Сонымен қатар, облыс орталығындағы оқушылар сарайында 6 және 14 жас аралығындағы балала үшін бірнеше бағытта жазғы академия жұмыс істемек. Айта кету керек, барлық жазғы лагерлер қатаң  санитарлық нормаларды сақтайтын болады.

Жансая ҚАЙЫПОВА