Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінде «Арманда кеткен боздақтар» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға қатысушылар 1941-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына қатысып, іс-түссіз жоғалған, концлагерьде тұтқында болған жауынгерлерді еске алды. Соғыстан қайтпағандардың қатарында Айтмағамбет Балтабаев та бар. Жиында бас қосқан атамыздың ұрпақтары отан үшін от кешкен батырдың ерлігі туралы сөз қозғады.

Айтмағамбет Балтабаев 1894-ші жылы қазіргі Аққайың ауданы Аралағаш ауылында дүниеге келген. Өмір бойы ауылда ұста болып еңбектенген жерлесіміз 1942-ші жылдың 6-шы наурызында 48 жасында Совет аудандық әскери комиссариатынан майданға шақыртылады. Өзімен бірге соғысқа 18-19 жастағы үлкен ұлы да аттанады. Өкінішке орай 2 айдан соң Харьковте тұтқынға түскен.

АЗАМАТ АЙТМАҒАМБЕТОВ, А.БАЛТАБАЕВТЫҢ НЕМЕРЕСІ:

 - 42-ші жылы ұсталып Харьковтің түбінде 43-ші жылы қайтқан. Концлагерьдің жерінде жерленген. Өзімен бірге баласы соғысқа кеткен. Сол күйі біз білмейміз қай жерде екенін. Айтмағамбетов Хамит деген. Одан кейін тағы ұлы қалған. Біздің әкей.  Сұрау салып сұрамаған жеріміз жоқ. Бірақта ешқай жерден хабар келген жоқ. Қай жерде жерленгені жоқ.

 Деректерге сүйенсек Айтмағамбет Балтабаев тұтқынға түскеннен оның қасындағы ҚАРУЛАСТАРЫМЕН бірнеше рет лагерьден қашуға талпынған. Өкінішке орай бұл ойлары іске аспай, фашистерге ұсталған. Осылайша бірнеше жылдан соң көз жұмып, Альтенграбов деген жерде жерленген. Мұнымен қоса, СҚ мемлекетттік архивінің мамандары батыр атамыздың үлкен ұлы Хамиттің Польша мемлекетінің Барнауыл қаласының түбінде жерленегенін анықтаған. 

СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:   

Балтабаев Айтмағамбеттің туысы сол жылдары соғысқа аттанған екен. Жоғалып кеткен, мәліметтер жоқ деп отыр. Сол мәліметтерді біз тауып бүгін бірінші рет айтайын деп отырмыз. Баласы деп туыстары айтады біздің деректер бойынша інісі ғой деп отырмыз. 25-ші жылы туған. Ол 45-ші жылдың ақпан айында Киненсберг округінде  қаза болған екен.  

 Жалпы, СҚ мемлекеттік архивінің дерегіне сай Германияның концлагерлерінде 255, Австрия мемлекетінде де тұтқында болған 85 жерлесіміздің тізімі бар. Олардың қалай және қандай жағдайда қаза тауып, қай жерде жерленгенін анықтау үшін жұмыстар әлі де жалғаспақ.

Майгүл Сейілбек