Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жаөспірімдер кітапханасында аса көрнекті ағартушы, тұңғыш ұстаз, ақын-жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Ұлт ұстазы» атты рухани әдеби кеші өтті. Тағылымы мол іс-шараға өңірімізге белгілі ұлағатты ұстаздар және студенттер қатысты. Кеш барысында Ыбырай Алтынсариннің өмірі, ағартушылық қызметі мен шығармашылығы айтылды.
Ыбырай Алтынсарин- 1941 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Тау тұлға қазақ даласында алғаш мектеп ашқан. Оның «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі қазақ даласында кеңінен танымал.
АМАНЖОЛ ЗАҒЫПАР, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР-ЖАӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
- «Ы.Алтынсарин атамыздың енді 1879 жылғы қазақтың ұлттық ең алғашқы оқулығы қазақ хрестоматиясы. Бірінші оқулық. Және бұл бірінші оқулық бола тұра, оған А.Байтұрсынов, М.Әуезов өз бағасын берген. Оның қандай оқулық екендігіне тоқталған. Ерекше пікір білдірген. Ыстық ықылас танытқан. Және бұл оқулығын сол кездегіөзі ашқан мектептерінде қолданып, және содан білім алып шыққан көптеген зилы қауым өкілдері қалыптасты.»
Шара барысында күйші, ұстаз Серікбай Құсайынов ақын-жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталып өтті. Сондай-ақ, студенттер Ыбырай атамыздың өлеңдерін оқыды.
«Ұлт ұстазы» атты әдеби кеш барысында өскелең ұрпаққа Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы, ағартушылық қызметі таныстырылды. Сондай-ақ, жиналғандар кітап көрмесін тамашалауға да мүмкіндік алды.
Нұрбол Балғабеков