Облыс әкімінің кубогы 2016. Ол үшін 12 команда жарысқа түсті. Барлығы да сахнада бірнеше рет өнер көрсеткен құрамалар. Сондықтан да әзілдері тұшымды. Өз ойларын қысқа қойылымдармен жеткізді.
Облыс әкімінің кубогы жыл сайын ойнатылады. Оған ие болу үшін Орал, Астана, Көкшетау қалаларымен Ақмола облысының құрамалары да келген. Әрине, барлығы да бас жүлдеден үмітті. Қалай болғанда олар өздерін мықты қарсыласпыз дейді.
Көрермендерді өзіндік өнерімен оқушылар да баурай алды. Ал ұлттық ұлан әскери институтының курсанттарының жанкүйерлері жақсы қолдау көрсетсе, Оралдық жігіттер барша залды әзілдерімен қарық қалды.
12 команда ойындарын тәмәмдаған соң, қазылар алқасы шешімдерін шығарғанша, жайдарманшы қыз-жігіттер көрермендердің сұрақтарына жауап берді. Олар әзілің жарасса, деп барлығын тең ұстауға тырысты. Ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды ұлттық ұлан жеңіп алса, бас жүлдені Оралдық жігіттер алып кетті. Олар аталмыш ойынға нығыз дайындықпен келдік дейді.
Айта кету керек, биыл «Серпін» бағдарламасымен оқитын жастар да команда құрыпты. Есіл ауданы мен Қызылжар аудандарынан да ойыншылар болды. Ал Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның оқушылары кіші кубокты ұтып алды
Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ