Жалпы биыл көктемгі шақырылымда 628 солтүстікқазақстандық Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған болатын. Оның 227-сі ҚР Ішкі әскеріне, ҚР ҰҚК шекера қызметіне 90 сарбаз, Ұлттық Гвардияға 296, Мемлекеттік күзет қызметіне 16 жас жігіт жіберілді. Күзгі науқан қазанның 1-і басталатын болады. Жоспар бойынша медициналық тексерістен 600 ден астам азамат өтуге тиіс. Естеріңізге сала кетейік, әскерден қашқандарға қомақты сомадағы айыппұл салынады немесе олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қарулы күштер сапында қызмет ету - әрбір ер-азаматтың борышы. Мамандардың айтуынша, отан алдындағы парызын өтеуге ниетті жігітттердің саны жыл сайын артуда. Мысалы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданнан көктемгі науқанда әскерге 71 азамат аттанды. Қазіргі таңда, ауданда  күзгі шақырылымға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Шара барысында Мағжан Жұмабаев, Есіл, Жамбыл, Тайынша және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері мен жергілікті атқарушы органдардың табысты жұмыстары аталып өтілді.

 

Лаура ТАЛИПОВА