22 сәуір - халықаралық жер күні. Осыған  орай өңірде бірқатар іс-шаралар өткізілді.  1-22 сәуір күндері  аралығында география пәнінен облыстық конкурс ұйымдастырылса,  11 сәуір күні мектеп оқушыларына арналған олимпиада қашықтықтан өткізілді.  Сайыс қорытындысы бойынша  үздік деп танылғандар марапатталды.  

Қоршаған ортаны қорғауға машықтандыру  мақсатында ұйымдастырылған аталмыш олимпиада  мектеп оқушылары  арасында өткізілген.Қашықтықтан ұйымдастырылған  география пәнінен олимпиадаға 90 оқушы қатысуға ниет білдіріпті.Олардың 12-сі ғана жүлделі орындарды иеленді. Солардың бірі- Әділбек Ахметбаев. Әл-Фараби мектеп лицейінің 10 сынып оқушысы, зерттеу жұмысында  жел диірмендері арқылы энергияны қалай үнемдеу керек екенін зерттеген. Жобасы жоғары бағаланып, 1 орынды жеңіп алды. .

ӘДІЛБЕК АХМЕТБАЕВ, ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ

1 мен 22-сі күндері аралығында ұйымдастырылған  облыстық конкурста тек қана мектеп оқушылары ғана емес студенттерде қатыса алды. 5 номинация бойынша өздерінің зерттеу жұмыстарын ұсынып, бақтарын сынаған.Халықаралық жер күніне арналған облыстық байқау жыл сайын өткізіледі. 

ПАВЕЛ ДМИТРИЕВ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ «ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Осы жылы бір ерекшелік конкурсқа жаңа номинациялар қостық. Қатысушылар өздерінің ғылыми жобаларымен қатар өлең оқып өнерлерін көрсете алды.Барлығының дайындығы жақсы болған, әділ өтті деп санаймын.  

Ұйымдастырушылардың ойынша, мұндай іс-шаралар жастарды  қоршаған ортаны қорғауға, құрметтеуге үйретеді.

Жансая ҚАЙЫПОВА