Жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін нығайту. Облыс полицейлері заңсыз такси жүргізушілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды өткізіп жатыр.  Полицейлердің тәжірибесінде, көлік тізгініне есірткілік масаң күйде отырған жүргізушілер де болған. Олардың көліктерінің техникалық жағдайы күнделікті бақыланбайды. Тәртіп сақшылары жолаушылар мен жүктерді тасымалдап, нәпақасын тауып жүрген жүргізушілерге ресми түрде тіркеліп, қызметтерін заңдастыруға кеңес береді. Толығырақ облыстық полиция ведомствосының баспасөз қызметі даярлаған материалдан көре аласыздар.

Тексерістерге патрульдік полиция батальоны және СҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары жолаушылар мен жүктерді тасымалдайтын жүргізушілерден рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексереді.

- Здравствуйте! Старший инспектор службы БПП старший лейтенант Жаров. Документы будьте добры, пожалуйста. Причинной остановки является отработка на сегодняшний день касательно незаконной перевозки пассажиров

 Мысалға, тасымалдаушыларда жүргізушілерге сақтандыру ресімделген болуы қажет. Бұл клиенттердің заңды мүдделерін сақтау құралының бірі. Заңсыз тасымалдаушыларға қатысты, шындығында олар өз жолаушыларының өмірі мен денсаулығы, жүктерінің сақталуы үшін еш жауапкершілік алмайды.

 БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Полиция қызметкерлері және көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, облыс аумағында ұдайы негізде шетелдік есепте тұрған көлік құралдарының жүргізушілерімен жолаушылар мен жүктерді заңсыз тасымалдау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Осындай фактілердің бірі облыс орталығында анықталды. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды және тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды 

 Полицейлердің тәжірибесінде, көлік тізгініне есірткілік масаң күйде отырған жүргізушілер де болған. Олардың көліктерінің техникалық жағдайы күнделікті бақыланбайды. Тәртіп сақшылары жолаушылар мен жүктерді тасымалдап, нәпақасын тауып жүрген жүргізушілерге ресми түрде тіркеліп, қызметтерін заңдастыруға кеңес береді. Бұл тасымалдаушылардың ғана емес, жолаушылардың да мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді. Барлығы жыл басынан облыс жолдарында 8 «заңсыз тасымалдаушы» такси жүргізушісі ұсталды.