Жаңа барыс жылы төрімізге озып, сиыр жылы тарих қойнауына еніп барады. Халқымыз «Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа» деп келер жылдан үміт күтіп, жақсылық тілейді. 2021-ші жыл солтүстікқазақстандықтардың есінде несімен қалмақ? Жерлестеріміз 2022-ші жылға қанда жоспар құрып отыр? Әріптесім Майгүл Сейілбектің бейнесюжетіне зер салайық.

МАЙГҮЛ СЕЙІЛБЕК, ТІЛШІ:

  • Мінекей, 2021-ші  жыл да қас пен көздің арасында өте шықты. Әне-міне дегенше 2022 жыл да келді. Дегенмен әр жылдың өз естеліктері бар. 2021 қазақ халқы үшін ақ түйенің қарны жарылған жыл болды. Себебі, пандемияға қарамастан Еліміз Егемендікке қол жеткізгеніне 30 жылдығын тойлады. Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175, Алаш партиясының көсемі Әлихан Бөкейханұлының 155, күш атасы Қажымұқанның 150, ақиық ақын Мұқағалидің 90 жылдығы тойланды. Мұнымен қоса, Қазақстанда әр 10 жыл сайын өтетін Жалпы ұлттық халық санағы өтті.

Жалпы 2021 жылы да індеттен арылмағанымызбен, өңірде атқарылған ауқымды жұмыс аз емес. Қай сала болмасын алға басып, экономикамыз алға өрледі. Солтүстікқазақстандықтар үшін де бұл жыл ерекше болғаны сөзсіз. Бірі баспаналы болып, көптен күткен қоныс тойын тойласа, енді бірі шаңырақ көтеріп, сәби сүйді. Армандаған көлігін алды.

  •  Сиыр жылы мен үшін жаңашылдықтарға толы болды. Жаңа достар, жаңа жұмыс. Өзім үшін көптеген мүмкіндіктер аштым.
  •  2021-де мен колледждегі оқуымды тәмамдап, өзім қалаған жұмысқа орналастым. Қасымда сүйікті адамым бар. Тойға дайндалып жатырмыз.
  •  Ең басты қуаныш ол отбасымыз тағы бір жанмен толықты. Ана атандым. Мен үшін 2021 осымен есте қалмақ. Баршаңызды жаңа жылмен құттықтаймн.
  •  Біздің отбасы үшін маңызды оқиға ол Қостанай облысынан осы Петропавлға көші келуіміз. Қызылжарлықтар өте мейіріміді. Мұнда тұрып жатқанымызға 6 ай болды. Бәріне бауыр басып қалдық. Келер 2022 жыл құтты болсын. Баршамызға бақ-береке әкелсін.

2022 жылға жоспар ауқымды, оны жүзеге асыру келер жылдың басты мақсаты дейді жерлестеріміз. Ересектер мен қатар қаламыздың кішкентай тұрғындары да келер жылға зор үміт артып отыр.

  • Барлықтарыңызды жаңа жылмен құттықтаймын. Келер жыл бақыт пен қуаныш әкелсін!
  • з Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Барлық адамдар бақытты, денсаулықтары мықты болсын. Және де арман-тілектері орындалсын.
  •  2021 жыл өзім және отбасым үшін жақсы өтті. Мен спортпен шұғылдана бастадым. Мектепте де сабағым жақсарып, 5терім көбейді.
  • Мен үшін маңызды оқиғаның бірі ол «Елбасы Медалі» жобасына қатысуым. Жақында қола медаль аламын. Барлық тұрғындарды жаңа жыл мейрамымен құттықтаймын.

 Өткен жылға өкпе жоқ, жаңа жылдан үміт көп. Келе жатқан жылдың иесі - Барыс сақтардың ұғымында қасиетті аң болған. Яғни жаңа жыл халқымызға жайлы, берекелі, молшылық жылы болғай!

МАЙГҮЛ СЕЙІЛБЕК, ТІЛШІ :

  • Құрметті көрермендер, осы сәтті пайдалана отыра облыстық Қызылжар телеарнасының ұжымы баршаңызды жаңа 2022 ші жылмен шын жүректен құттықтайды. Барыс жылы әр шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін.