Соңғы қоңырау облыс орталығындағы 42ші орта мектебінде 4 сынып оқушылары үшін де соғылды. Түлектердің басым бөлігі кілең беске оқуын аяқтаған. Бастауыш сыныппен қоштасқан балақайлардың соңғы қоңырауы жайлы толығырақ келесі бейнесюжетте.
Қыз балалар ақ көйлек пен белдемше, шаштарына бантик тақса, ұлдар классикалық костюм киіп сап түзеген. Биылғы жылы 42ші мектептің 84 түлегі бастауышпен қоштасуда. 39 оқушы жылды озат аяқтаса, екпінді балақай саны 28. Бүгінгі шара олар үшін балалық шақтың келесі бір белесіне апаратын қоңырау болып отыр.
БЕГАЙДАР ШАЛАХАЕВ, №42 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Соңғы қоңырау мерекесі тек қана ұстаздар мен оқушылар үшін ғана емес, Сонымен қатар, ересек адамдар үшін. Әрбір ересек адам жүрегеінің түкпірінде өмірге оған жолдама берген мектеп екенін сезінеді және түсінеді. Биылғы оқу жылында төртінші сынып оқушылары үлкен өзінің септігін тигізді. Түрлі сайыстар мен олимпиадаларға қатысқан оқушылар өте көп. Сондықтан, біздің оқушылар жан-жағынан дамыған, көріген деп айтуға болады. Ата-аналарға үлкен алғысымды айтқым келеді. Мектеп, оқушы, ата-ана жүйесінің жұмыс істемейінше, біз алға баспайтынымды жақсы түсінеді.
Ән мен өлең, билер, құттықтаулар. Ең алдымен бұл балалардың мерекесі. Төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер, бүгін ес біліп, білім нәрімен сусындап жүрген шәкірт.
НАТАЛЬЯ НОВИКОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
- Бүгінгі күні ұстаздарға ерекше алғысымды білдіргім келеді. Біздің балаларымызмен төрт жыл жұмыс істеп, білім мен еңбекке баулыған –ұстаздар. Баламның, алдағы уақытта, ақылды, мейірімді болып ер жететініне сенімдімін.
Саша Майданова бүгін мектепке ерекше тебіреніспен келген. Алғаш қалам ұстатып, үлкен өмірге дайындатқан ұстазым мәңгі есімде қалады, дейді балдырған.
АЛЕКСАНДРА МАЙДАНОВА, №42 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:
- Маған мектепте оқыған ұнайды. Математика мен қазақ тілі пәндерін жақсы көремін. Қобалжып тұрмын, өйткені, алғашқы ұстазыммен қоштасамын. Мұғаліміміме шыдамдылығы мен еңбегі үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді.
Әріп танып, білім негізін алған оқушылар, бастауыш мектеппен, алғашқы ұстаздарымен қимай қоштасты.
Жанбота СЕНТАЕВА