Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жыл сайын Еуропалық иммундау апталығын өткізеді. Биылғы жылы Еуропалық иммундау апталығы 27 сәуір мен 3 мамыры аралығында «Барлығын иммундауға қол жеткізу – біздің қолымызда» атты ұранмен өтеді.

Апталықтың мақсаты — вакцинациялау өмірді сақтайтынын еске салу. Бүгінгі таңда иммундау бағдарламасы 21 инфекциядан қорғауды көздейді. 2024 жылдан бастап ұлттық күнтізбеге 11-13 жас аралығындағы қыздарға арналған АПВ-ға қарсы вакцинациялау қосылған. Қазіргі таңда вакцинация жұқпалы аурулардың алдын алуға және эпидемиологиялық ахуалды тұрақты ұстауға мүмкіндік беріп отыр. Қазақстанда жыл сайын шамамен 5 миллион адам вакцина алады, оның ішінде 1,3 миллионға жуығы – жоспарлы иммундаудан өтетін балалар. Вакцина сатып алуға 30 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Өңірімізде жыл сайын 26 мыңға жуық бала вакцинациядан өтеді.

СНХР: ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ