Еліміздің барлық өңірінде бір мезетте басталған «Бірлік жүгірісі» – елдегі ынтымақ пен достықты насихаттайтын маңызды іс-шараға айналды. Бұл – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған республикалық марафон.
СНХР: ВЛАДИМИР ВИТЧЕНКО, «Бүкілқазақстандық кекушинкай карате ұйымы» облыстық филиалының директоры
Петропавлдағы орталық алаңның аумағынан бастау алған бұл жарысқа қатысуға ниет білдіргендер қарасы көп болды. Солардың қатарында мемлекеттік органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктер, жастар және волонтерлік ұйымдар, спорт федерациялары, жүгіру клубтары мен қала тұрғындары бар. Олар 2 шақырым қашықтыққа жүгірді. Қатысушылардың қатарында кәсіби спортшылармен қатар, түрлі сала қызметкерлері мен отбасы мүшелері де белсенді қатысты. «URPAQ» қазақ мәдени-ағарту орталығының атқарушы директоры Гүлбақша Мұсабаева бұл іс-шараға отбасымен бірге келіп, жүгіру арқылы бірлік пен саламатты өмір салтын қолдайтынын көрсетті.
СНХР: ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, "URPAQ" ҚАЗАҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ» ҚБ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
СНХ: ӘСЕМ КЕНЖЕБОЛАТОВА, ТІЛШІ:
Жас та, кәрі де, спортшы да, қарапайым қала тұрғыны да – бәрі ортақ қашықтықты бағындырып, бір мақсатпен – достық пен татулықты дәріптеуге атсалысты.
СНХР: ЕРБОЛ ИСАТАЕВ – М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Кейбіреулер нәтижеге жұмыс істесе, енді біреулер – жай ғана көңіл көтеріп, жақсы әсер алу үшін қатысты. Бірақ ең бастысы – бәрі мәреге жақсы көңі-күймен жетті.
Мәреге жеткен әрбір қатысушыға естелік медальдар табысталды, ал жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылар бұл жүгіруді жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отыр. Бұл бастама ел ішіндегі татулық пен бірлікті нығайтып, саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Спорттық іс-шарада көпұлтты елдің бірлігі айқын көрініс тапты. Бұл тек спорт емес, елдің біртұтастығын, татулығын дәріптейтін үлкен мереке болды.