АСНУРИЯ АБДУЛА, ТІЛШІ:

- «Бір тал кессең, он тал ек» деген қағидатты мықтап ұстанатын халқымыз үшін ағаш отырғызу – ең маңызды істердің бірі. Осы орайда, Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі аясында солтүстікқазақстандықтар жиналып, 100 түп көшет екті.

1 мамыр бұл – татулықтың, бірліктің, ортақ жауапкершіліктің символы іспеттес. Мереке күні облыс орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Бірлік аллеясы» ашылды.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ


Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және өңіріміздің құрметті азаматтары мен студенттер қатысты.

СНХ: АНАТОЛИЙ БАШМАКОВ, СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ


«Бірлік аллеясының» салтанатты ашылу барысында облыстық «Қызылжар» мешітінің бас имамы Хамзат Әділбеков сөз сөйлеп, Қазақстан жұртына ынтымақ пен бейбітшілік тіледі.

СНХ: ХАМЗАТ ӘДІЛБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ «ҚЫЗЫЛЖАР» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ


Аллеяға 50 түп жөке, 25 үйеңкі және тағы 25 түп қарағаш көшеттері отырғызылды.

СНХ: ДАРИҒА СМАИЛОВА, «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РҚБ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ


Жалпы, 1 мамыр мерекесі - түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан еліміздің бірлігі мен ынтымағын бейнелейтін маңызды мейрам. Айтулы күнді солтүстікқазақстандықтар тамаша көңіл-күйде атап өтті. Ән шырқап, би билеп, жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Жасыл желек отырғызуға жергілікті М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері де белсене қатысты. Олар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ағаштар егіп, челленджі Қостанай облысындағы жоғары оқу орындарына жолдады.

СНХ: ЮЛИЯ СЕМЕНЫЧЕВА, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ-ДЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ


Сондай-ақ, облыс әкімі Тұңғыш Президент саябағын аралап, мереке аясында ұйымдастырылған түрлі іс-шаралар мен сайыстарға куә болды.