1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау жүріп жатыр. Жаңа оқу жылына қабылдау ережелері туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында айтылды.

Спикердің айтуынша, өтініштер Admission ақпараттық жүйесі арқылы онлайн форматта қабылданады. Құжат тапсыру мерзімі – ОСЫ жылғы 25 маусымға дейін. Қабылдау 12 білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі, оның ішінде 9-ы магистратура, 3-еуі докторантура бағдарламалары. Биыл да, өткен жылдардағыдай, магистратураға – 120, докторантураға – 12 грант бөлінген. Қабылдау ережелері туралы толық ақпарат Академияның apa.kz ресми сайтында және әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жарияланған. Қосымша кеңес алу үшін Қабылдау комиссиясына немесе филиалға жүгінуге болады. Биыл академияға қабылдау ережесінде бірқатар өзгеріс бар.

СНХР: ЛАУРА ҚАЙЫРЖАНОВА – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ