Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұлы қазақ ақыны, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай арт-фестиваль өтті. Іс-шара барысында қатысушылар ақынның шығармаларын көркем оқып, театрландырылған қойылымдар арқылы өз өнерлерін ортаға салды.
Фестиваль – бірнеше айға созылған ауқымды байқаудың қорытынды кезеңі. Бұған дейін оқушылар ғылыми зерттеулер жүргізіп, бейнероликтер дайындап, Абай шығармашылығын тереңірек зерттеген болатын. Соңғы кезең – театрландырылған қойылымдармен жалғасты.
СНХР: Сәулет Мұқанова –НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Байқауға 7–11-сынып оқушылары қатысып жатыр. Сахна шымылдығын Аяған Шәжымбаев атындағы шаңырақ ашты. Олар Абайдың өлеңдері, әндері мен қара сөздері тоғысқан мазмұнды да әсерлі қойылым ұсынды.
СНХР: ЕРМЕК НҰРДӘУЛЕТ – НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ
«Махаббат – мәңгілік жыр» атты театрландырылған қойылымды Мағжан Жұмабаев атындағы шаңырақ ұсынды. Абай шығармаларына негізделген бұл сахналық көріністе махаббат пен адамгершілік құндылықтары баяндалады. Басты рөлдердің бірін Нұрислам Таңатар сомдады.
СНХР: НҰРИСЛАМ ТАҢАТАР – НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ
Арт-фестиваль қорытындысы бойынша үздік шаңырақтар марапатталып, оларға мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табысталады. Ал жеңімпаздар Абай Құнанбайұлының туған жері – Семей қаласына сапарға аттанады.